Қысқы кеш суреттері Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Қысқы кеш суреттері.

Оқу мақсаты:

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары:

  • шығарманы дауыстап түсініп мәнерлеп оқиды.;
  • шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шығармадан көркемдегіш құралдарды табады;

-көркемдегіш құралдарды анықтайды;

- өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады;

  • орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

Бағалау критерийлері:

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлеңнен көкемдегіш құралдарды табады;;
  • өз ойын жеткізуде көркем сөздерді қолданады;
  • орфографиялық, пуктуациялық қателерін түзетеді;
  • сөйлемдерді қатесіз жазады

Қажетті ресурстар: Қосымша 1, 2, 3, 4. Үнтаспа, оқулық; презентация;

І. Сабақтың басы.

Жұмбақ шешу тапсырмасы қызығушылықты ояту және топтастыру мақсатында орындалады. Оқушыларға: қар, аяз, мұз, жыл он екі ай, боран сөздері жазылған карточкалар таратылады. Сынып қабырғасына жұмбақтар ілінеді. Оқушылар берілген уақыт ішінде сыныпты аралап жүріп, қолындағы карточка қай жұмбақтың жауабы болу мүмкін деп ойласа, сол жұмбақтың қасына тұрады. Бір жұмбақ бір бетке шығарылады. Нәтижесінде 5 топ құрылу керек. Топ мүшелері жұмбақты дауыстап оқиды, неліктен жауабы сол екенін дәлелдеуге тырысады.

  • Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)
  • Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп оюсалады. (аяз)

  • Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр – қатты ақ. (мұз)

  • Қанаты жоқ- ұшады.

Аяғы жоқ – желеді.

Ауызы жоқ – ұлиды. (боран)

  • Бір кісінің он екі баласы бар,

Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын,

Отыз шақты серігін ала шығар. (жыл он екі ай) https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/jana_jyil_2015/23717/

Осы сөздердің барлығы қай тақырыпқа байланысты? Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Бағалау критерийімен таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

Өлеңді тыңда. Мәнерлеп оқы. Тапсырмасы жұпта орындалады. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқулықтағы А. Пушкиннің Т.Жароков аударған «Қысқы кеш» өлеңін үнтаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. А.Пушкин туралы қысқаша мәлімет беруге болады: Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799МәскеуРесей — 10 ақпан 1837Санкт-ПетербургРесей) — Ресей ақыны, классикалық орыс негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады. Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген. 12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%

Оқу барысында оқушылар мағынасы түсініксіз сөздерді теріп жазады, мағынасын сөздіктерден іздейді, дәптерге жазып алады. (құйын, сабан, лашық, сыңсу) Тыңдап болған соң оқушылар өздері жеке түсініп оқиды, жұпта өлеңді мәнерлеп оқиды, бірін-бірі тыңдап, бағалайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды, кері байланыс беріледі.

Бағалау. Оқушылар жұпта бірін бірі өзара «Нысана» әдісі арқылы бағалайды. Жұптағы оқушыға нысанады қай белгіні беретінін айтады.

2 –тапсырма

Оқы, белгі қой. Тапсырма топта орындалады. Тапсырма өткен тақырыпты бекітуге арналған. Оқушылар өлеңді тағы бір рет жеке оқиды, боранға қатысты сөздердің үстіне «+» немесе «құсбелгі» қояды. Белгілеген сөздерін топта салыстырады, өз ойларын ортаға салады. Топ атынан бір оқушы шығып, ортақ ойды білдіреді. Басқа топтар мұқият тыңдап отырады, толықтырады, сұрақтар қоюға болады.

-Осы сөздерді басқаша қалай атауға болады?

-Ақын суреттеген қысқы боран нені елестетеді? – сұрақтарын қою арқылы мәтіннен теңеу мен эпиттерді тапқызу. Теңеу мен әпитеттің айырмашылығын естеріне түсіруге болады. Өздері боранды тағы немен салыстырар еді? деген сұрақтар қоюға болады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға автор кемпірін немен салыстырып отырғанын анықтауға болады. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескрипторлар:

  • Боранға қатысты сөздерді тауып, белгіледі
  • Эпитет пен теңеуді ажыратады
  • Өз ойын жеткізуде көркем сөздерді қолданады

3-тапсырма

Сәйкестендір. Тапсырма оқушылардың тіл байлығын дамытуға, жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған. Топтарға: лашық, құйын, сабан, сыңсу сөздері беріледі. Қосымша анықтамалар ретіне сәйкес топтарға берілген сөздерді партаның үстіне дұрыс ретпен орналастыру керек.

https://www.sozdik.net/Kk/Adebi/

  • Ауаның жер бетінен топырақты, қарды, суды үйіре көтеріп, айналмалы қозғалып, ұйтқи соғатын екпіні қатты жел.
  • Уақытша тұруға арналған төбесі шошайтып жасалған баспана.
  • Ұзатылған қыздың, туған-туыс, елімен қоштасар кезде әндетіп айтатын өлеңі; тұрмыс-салт дәстүрлерінің бірі.
  • Дәнді және ірі бұршақты дақылдарды бастырғаннан кейін қалатын құрғақ сабағы.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті жоғары оқушыларға карточкадағы сөздерді бермей орындатуға болады.

Бағалау: «Басбармақ» әдісімен презентациямен салыстырып тексереді, бағалайды.

4 –тапсырма

Тапсырма жұпта орындалады, оқушылардың жазылым дағдыларын, сонымен қатар өлең жолдарын қарасөзбен жазып, өз ойларын жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған. Әр оқушы дәптерде жеке кестені толтырады. Өлең жолдарын мағынасы сәйкес келетін қарасөзді мәтін түрінде жазады. Өлең шұмақтарын 5 топқа бөліп беруге болады. Жеке орындап болған соң, жұпта талқылайды, ортаға бір жолды ұсынады. Мысалы:

Өлең жолдары

Өз ойы

Қарлы боран көкті жапты,

Қарлы құйын қуалай.

Қыста боран жиі соғады. Боран соққан кезде алай –дүлей жел қарды биікке ұшырып, тіпті аспан көрінбей кетеді.

Кейде ұлыған аң сияқты,

Кейде жылайды баладай

Қыста соққан боран әртүрлі дыбыс шығарады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға тағы шұмақтар беруге болады.

Бағалау. Оқушылар жұпта бірін бірі өзара «Нысана» әдісі арқылы бағалайды.

ІІІ. Сабақтың соңы.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. Рефлексия «Жұлдыздар» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға таратылған жұлдыздарға сабақ бойында жеткен жетістіктерін немесе қолдарынан жақсы келген тапсырманың атын жазып оқиды да күнделікке немесе сыныптағы арнайы орынға жапсырып қояды. Жетістікке жетуге не көмектесті деген сұрақ қоюға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу