Әдеби шығарманың жанрын анықтау Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қосымша №1
«Тізбектер» әдісі.
Тізбектегі сөздер үлгісі: сағат, құм сағат, уақыт, ...
Қосымша №2
Нақыл сөздер үлгісі:
«Ауырмайтын ем іздегенше...»
Сұрақтар үлгісі:
- Ең ұзақ күн дегенді қалай түсінесіңдер?
- Уақытты тоқтатып қоюға бола ма?
Қосымша №3
«1 минуттағы ой» әдісі.
Нақыл сөздер:
Уақыт — жан- жақты дамудың кілті.
Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. .
Қосымша №4
«Уақыттың қадірі»
Біреудің күні өтпейді,
Біреуге уақыт жетпейді.
Есептеп үйрен уақытты,
Еңбегің зая кетпейді.
Бұл уақыт деген шынымен,
Өлшенбес сағат тілімен.
Өлшенер уақыт – іспенен,
Не істедің бүгін күнімен?!
Дүбірін сезіп алыстан,
Заманмен мынау жарысқан.
Уақытын дұрыс жұмсайтын
Адамдар нағыз данышпан!
Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар...
Алмас Темірбай
«Бумеранг» әдісі.
Үлгі сұрақтар:
- «Есептеп үйрен уақытты» дегенді қалай түсінер едіңдер?
- Автордың негізгі ойы неде деп ойлайсыңдар?
Қосымша №5
«Түйінді сөздер» әдісі.
1-топ: «Есептеп үйрен уақытты,
Еңбегің зая кетпейді»
2-топ: «Өлшенер уақыт – іспенен,
Не істедің бүгін күнімен?!»
3-топ: «Уақытын дұрыс жұмсайтын
Адамдар нағыз данышпан!»
4-топ: «Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.»
5-топ: «Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар...»
Қосымша №6
«Бинго» ойыны.
| Өлең Нақыл сөз | |||||
|
«Бинго» суреті
Бинго текшелерінің үлгісі:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?