Ж.Әлмашев «Бимұраттың бір күні» Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


 Бөлім: Уақыт

 Сабақ тақырыбы:

 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

 Ж.Әлмашев «Бимұраттың бір күні»

 Оқу мақсаттары:

 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар:шығарманы дауыстап түсініп оқиды, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, кейіпкерге хат жазады

 Көптеген оқушылар:шығарманы дауыстап, түсініп оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды сөздерді табады, үлгі бойынша хат құрастырып жазады

 Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, кейіпкерге өздгінен хат жазады.

 Бағалау критерийлері:

  •  мәтінді қатесіз түсініп оқиды
  •  мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді анықтайды
  •  шығарманың кейіпкеріне хат жазады.

 

 Сабақ барысы

Сабақтың басы: Сабақтың басында ширату жаттығуы «Күн мен түн» ойыны арқылы орындалады.

 Оқушылар шеңберге тұрып күн сөзі айтылғанда көздерін ашады, түн сөзін айтқанда көздерін жұмады. Мұғалім күн сөзін айтқанда күндіз жасайтын іс-әрекеттерді қимылмен қосып орындау ұсынылады.

 Жаттығу соңында оқушылармен бір күн уақытында қандай іс-әрекеттер орындайтыны туралы әңгімелеу жүргізуге болады. Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдыларын дамыталады. Ойын кезінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.

 (Б). «Смайлик әдісі» бойынша ойынға белсенді қатысқа балаларды бағалауға болады.

 

 Бастапқы білімді қайталау.

 (Ұ; МК) «Ұшақ» әдісі арқылы бастапқы білімді қайталау

 Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы өткен сабақтағы мәтіндегі ақынның сөздерін пайдаланып кейіпкерді сипаттайды. Сипаттау кезінде көркем-бейнелі сөздерді қолданады.

 Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ақынның сөзін пайдаланып, өзін сипаттауда көмек қажет ететін оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетемін (сенің көзің қандай? Құлақ не үшін керек деп ойлайсың?)

 (ҚБ) өзін-өзі сипаттай алған оқушылар сабаққа уәждерін арттыру үшін мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

 (Т) Топқа бөлу. Тәулік бөліктерінің атауларына байланысты үш топқа бөлінеді.

 1 топ – таң

 2 топ – күн

 3 топ – кеш

 4 топ – түн

 Оқушылар мұғалім ұсынған тәулік бөліктерінің суреттерін таңдау арқылы топтасып отырады.

 Оқу мақсатын хабарлау. Оқушыларға бағалау критерийлерін таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 ) Суреттер топтамасына сүйеніп, бүгінгі сабақта танысатын шығарманың авторы туралы әңгімелеу ұсынылады.

 «Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы шығарманың авторы туралы тұжырымдамалық постер жасау тапсырылады. Соңында әр топтың жұмысы бағаланады.

 Тұжырымдамалық карта үлгісі: (топтарға суреттер беріледі).

 

 

 

 Саралау: қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасауды үйренеді.

 (ҚБ)«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың рөлге бөліп оқуларын ұжымда бірін-бірі бағалау ұсынылады.

 

 2-тапсырма

 (МК; Ө) «Еркін талқылау» әдісі

 Ж.Әлмашевтің «Бимұраттың бір күні» әңгімесін іштей түсініп оқу ұсынылады. Шығармадағы қызыл түспен белгіленген сөздерді теріп жазып мағынасын түсіндіру тапсырылады.

 Тапсырма барлық оқушыға беріледі. Сөздер неліктен басқа түспен белгіленгеніне назар аударылады. Теңеу сөздерге түсініктеме беріледі.

 Кесте үлгісі:

 

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

Мағына

таңқы таңау

адыраң көз

 

 

 

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Кестеге түсіріп, сөйлем құрастыру кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіліп отырады.

 (Б) «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

 

 3-тапсырма

 (Ө; Т; МК). Ж.Әлмашевтің «Бимұраттың бір күні» шығармасындағы тағы қандай сөздерді сарғыш түспен жазуға болатынын анықтау ұсынылады. .

 «Борт журналы» әдісі арқылы әңгімені қайта оқып көркемдегіш құралдарды табады. «Борт журналына» енгізеді. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

 «Борт журналының» үлгісі:

шығармадағы сөздер

түсіндір месі

графикалық сызбасы, суреті

тырп етпей

маужырап отырған

 

 Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да мүмкіндіктері мен деңгейлеріне қарай нәтижелері әртүрлі күтіледі.

 (ҚБ) «Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.

 Желкенді үш түске бояу қажет.

 1. Егер сабақ саған бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түс.

 2.Тапсырманы орындауда қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түс.

 3. Егер саған тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түс.

 

 4-тапсырма

 (Т; МК)

 Мәтінде кейіпкердің мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді портрет жасау тапсырылады. «Портрет» сөзіне анықтама беріледі.

 Кесте үлгісі:

Кейіпкер

іс-әрекеті

келбеті

мінезі

Бимұрат

керіліп-созылып

таңқы таңау

жалқау

 

 Саралау: Қорытынды саралау әдісін қолдану. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

 (ҚБ) «Бағдаршам» әдісі.

 Жасыл түс – барлығын түсіндім;

 Сары немесе қызыл түс – Нені түсінбедім?

 Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

 

 Сергіту сәті

 Торғай-ТВ арнасындағы Қуыр-қуыр-қуырмаш бейнебаянның сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындату. Қимыл-қозғалысты жаттығуларды күннің қай уақытында жасалатыны туралы әңгімелей отырып, пайдасы туралы назар аударту.

https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk

 

 

 Сабақтың соңы.

 Қорытынды.

 5-тапсырма

 (МК; Ө) Оқушыларға «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай отырып, уақытты ттиміді пайдалану туралы кеңес беру ұсынылады. Өздігінен отырып хат жазу тапсырылады.

 Хат жазуда құрылымын сақтай отырып, кестедегі үлгіге сүйенуге болады:

пікір

Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады

дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен дәлел жазады

мысал

Шығармадағы оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді

қорытынды

Кейіпкердің мінезін бағалай отырып, бір сөйлеммен кеңес беріліп жазады.

 

 Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша хатты құрастыруға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

 (ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау.

 Рефлексия: «Тазалық» әдісі

 Оқушылар сабақтың оқу мақсатына жеткендері туралы кері байланыс жасайды.

 Тақтаға Чемодан, Ет тартқыш, Қоқыс шелегі суретері ілінеді. Оқушылар берілген критерийлер бойынша стикерлерді сәйкес сурертке жабыстырып, ауызша кері байланыс береді:

 Чемодан – шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба аламын, өлең жаза аламын.

 Ет тартқыш – шығармадан көркемдегіш құралдарды тапқанда тірек сөздерді пайдаланамын өлең жазуда қиналамын.

 Қоқыс шелегі – шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алмаймын, өлең жаза алмаймын.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу