Шығарманың жоспарын құру Жапырақтың күзгі серуені. Ертегі слайд. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Бөлім: Уақыт

3.1 Шығарманың жоспарын құру «Жапырақтың күзгі серуені» ертегі

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Бағалау критерийлері

Ширату жаттығуы

Бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан (анаң, әжең, әкең, досың және т.б. ) естігің келетін комплиментті жаз. Жазып болған соң парақты домалақтап, қармен атысқандай бір-біріңе лақтырыңдар. Өзіңе түскен қар домалағын ашып оқы.

Мысалы:

- Сен сүйкімдісің,

- Бүгін өте көңілдісің,

- Сенің дауысың ұнайды,

- Саған бұл киім жарасады және т.б.

«Кoмплимeнттep бұpқacыны»

Бастпақы білімді қайталау

Сұрақтарға жауап бер.

Сұрақтар :

Жыл мезгілдерінде қай уақыт саған ұнайды? Неліктен?

Көктем мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтел айта аласың?

Жаз мезгілінің қандай ерекшеліктерінен мысал келтіре аласың?

1-тапсырма

«Кім жылдам

Күз мезгіліндегі жапырақтар туралы әңгімеле.

Түсі қандай?

Көлемі қандай?

Қай ағаштың жапырағы?

2-тапсырма

«Жапырақтың күзгі серуені» әңгімені бөліктерге бөл, әр бөлікке ат қой. Жоспар құрастыр.

Шығарма бөліктері. Үлгі:

1. Шығарманың басы

2. Ортасы

3. Соңы

Мәтінді бөліктерге бөлейік

3-тапсырма

Жұптасып «Жапырақтың күзгі серуені» әңгімесіндегі жапырақты сипаттайтын сөздерді тауып, кестені толтыр.

«Кім байқағыш»

4-тапсырма

Қалыптастырушы бағалау

«Бірлескен оқылым»

«Жапырақтың күзгі серуені» мәтінін оқы. Ұжыммен мәтінге талдау жасап, бастапқы ортаңғы, соңғы бөлімдерін тауып қоршап сызыңдар. Әр бөлікке ат қойып, бөліктердің атауларына сүйене отырып жоспар құрыңдар.

Жоспардың үлгісі:

1. Жап-жасыл жапырақшаның өмірі.

2. Жапырақшаның ұйқыдан оянғаны.

3. Жапырақшаның серуені.

4. Жапырқшаның қорқынышы.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Өздеріңе жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды стикерлерге жалғастырып

жазыңдар. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикерлерді жапсырыңдар.

бүгінгі сабақта мен....түсіндім,

...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу