Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә.Қайран Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қосымша №1
«Броундық қозғалыс» ойыны
Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.
Қосымша №2
«Білім қоржыны»
Тағам түрлеріне байланысты үлгі сөздер:
Таң, түс, кеш, түн, т.б.
Қосымша №3
«Сұрақ жауап» әдісі
Таңнан самға дейін
Әбубәкір Қайран
Таңсәрі
Таң бозарып атқан шақ,
Шолпан жұлдыз батқан шақ
Таңсәрі деп аталар
Торғай әнін бастар шақ.
Шығар күннің хабары,
Таңсәріде тарады.
Алғаш әтеш шақырып
Үкі бұғып қалады.
Сәске
Арқан бойы күн шығар,
Көкке қарай ұмтылар.
Аппақ күнге сүйгізіп,
Тау мен дала құлпырар.
Қызар кезі шаруаның,
Қимыл, еңбек жан-жағың.
Тербеп тұрар тірлікті
Сәске деген сән уағың.
Талтүс
Тас төбеде күн тұрар.
Уақыт осы бір тынар.
Көлбеп жатқан көлеңке
Ірге жаққа ұмтылар.
Талтүс деген шақ осы,
Күннің биік мәресі.
Түстік ішер түгел жұрт,
Әңгіме айтып, кеңесіп.
Бесін
Десең дағы «асықпа»,
Күн еңкейер батысқа.
Береке, құт дариды
Бесін деген уақытта.
Түс пен кештің арасы,
Кеңір аспан шарасы.
Оттан басын алмайды
Жан-жануар баласы.
Ақшам
Күн батар кез – ол ақшам.
Сәт сияқты таң атқан.
Қызыл нұрға малынып,
Тау мен дала жарасқан.
Кірер жердің келбеті
Тылсым да осы, сән де осы.
Сиқырлы да сүйкімді
Батар күннің сәулесі.
Таң мен сам
Шығар күннің ақ нұры –
Бар әлемнің шаттығы.
Есіркейді міскінді,
Жарылқайды жақсыны.
Алдыменен ағарып,
Одан кейін бозарып,
Батар күннің сәулесі –
Сам тарқайды жоғалып.
Үлгі сұрақтар:
-Өлең не туралы деп ойлайсың?
-Өлеңде қандай тәуілк мезгілдері аталған?
-Тәуліктің әрбір кезеңіне қатысты қандай 3 сөз атай аласың?
-Өлеңге тағы қандай тақырып қояр едің?
Қосымша №4
«Төрт сөйлем» тәсілі
| шығарманың тақырыбын жазады |
| Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады |
| Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді |
тынды | негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады |
Қосымша №5
«Қалыптастырушы бағалау
«Әдеби шеңбер»
Шығарманың маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындаңдар.
Үлгі сұрақтар:
-Өлеңде қандай уақыт мезгілдері сипаталады?
-Шолпан жұлдыз батқан шақты қалай атайды?
-Шаруаның қызар кезі қай уақыт?
-Автор «бір тынар уақыт» деп қай кезді айтқан?
-Бесін кезінде қандай уақыт болады?
Дескрипторлар:
•шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады;
•сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп, жауап береді;
•автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;
•шығарманың мазмұнына сәйкес тақырып қояды.
Қосымша №6
Рефлексия
«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.
Тік көтерсе – оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай аламын.
Жанына туссе – оқиғаны ретімен баяндай аламын, сөйлемнің сызбасын құрастыра алмаймын.
Төмен түссе – оқиғаны ретімен баяндай алмадым, сөйлемнің сызбасына сәйкес құрастыра алмадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?