Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жыл патшасы» А.Шотбайқызының авторлық ертегісі Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қосымша №1
«Гүлмен тілек»
ТОП АТТАРЫ:
«Қыс»
«Көктем»
«Жаз»
«Күз»
Қосымша №2
- тапсырма.
Жыл патшасы
Айдана Шотбайқызының авторлық ертегісі
Ерте, ерте, ертеде Уақыт атты патшалықта Жыл атты патша билепті. Жыл атты патшаның мінездері әр түрлі төрт ұлы болыпты. Олар: Көктем, Жаз, Күз және Қыс. Осы төрт ұлының әрқайсысында үш баладан болған екен. Көктем ұлынан Наурыз, Сәуір және Мамыр атты үш немересі бар екен патшаның. Ал Жаз ұлынан Маусым, Шілде, Тамыз атты немерелері, Күз ұлынан Қыркүйек, Қазан Қараша атты немерелері тараса, ал Қыс ұлынан Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан атты немерелері тараған екен.
Патша өз тағына мұрагер етіп ұлдарынан емес немерелерінің арасынан тағайындауды жөн көріпті. Содан ол өзінің тағына немерелерінің арасынан біреуін тағайындайтынын жария етеді, сонымен қатар, ол мұрагері білімді, өнерлі, халыққа қызмет етуі керектігін де айтып өтеді. Барлық немерелері Жыл патшаның алдына келіп, білімдерін, талантын көрсетеді, барлығы бірінен- бірі асып түседі. Немерелерінің бұл өнері мұрагерді таңдауда патшаға қиыншылық түсіреді. Әрі ойланып, бері ойланған патша мынадай жарлық етеді:
– Менің мына «Уақыт» патшалығым тұрғанда менің немерелерімнің барлығы да патша болады. Олардың барлығы халық үшін өздерінің жайлылығын, еңбектерін ұсынып отыр. Сондықтан немерелерімнің әрқайсысы отыз күннен патшалық етсін!
Міне, осы жарлықтан кейін патшалықта әр отыз күн сайын халыққа Жыл патшаның он екі немересі үлкенінен кішісіне қарай заңдылықпен патшалық етіп отырыпты деседі.
Сұрақтар үлгісі:
1 аялдама: Уақыт патшалығын билеген патшаның аты қалай еді?
2 аялдама: Жыл патшасы өз тағына кімді тағайындауды жөн көрді?
3 аялдама: Патшаның жарлығы қандай болды?
(Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдамаға басқа сұрақтар ұсына алады.)
Қосымша №3
2- тапсырма.
«Кірпіш»
- Неліктен Жыл атты патша мұрагер етіп, немерелерінің бірін тағайындағысы келді?
- Жыл патшасы мұрагерлеріне қойған талабы қандай еді?
- Неге Жыл патшасына мұрагер таңдауға қиындық тудырды?
- Патшаның жарлығынан кейінгі өмірлері қалай өзгерді?
Қосымша №4
3- тапсырма «Эйлер шеңбері»
Қосымша №5
4- тапсырма.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?