Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М.Жұмабаев «Балалық шақ» Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қосымша №1
«Доп лақтыру» ойыны.
Қажетті сөздер:
бала, оқушы, жігіт, қыз, ата
Қосымша №2
«Қақпа»
Балалық шақ
Мағжан Жұмабаев
Балалық шағы -
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның - үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Кесте үлгісі:
Сөз | Біз қалай түсіндік | Сөйлем құрастыр | Сөздіктегі мағынасы |
Жазылып, тақтаға ілініп қоятын сөздер:
ілгері күнді сағалау,
жоқ ойдан түңілу,
уақыттың дәмін татып қалу,
белді бекем буу,
надандық
Қосымша №3
«Кірпіш»
Сұрақтар:
-Өлеңде автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз? (Жастық)
-Балалық шақты немен теңейді? (Патшаның тағы)
-Санасыз адам ненің қадірін білмейді дейді? (Жастықтың)
-Жастық деген не? (Бағасыз уақыт, алтын)
-Өлеңнен қандай қорытынды шығаруға болады? (Әрбір уақыттың қадірін білу керек. бүгінгі уақыт ертең қайтып келмейді.)
Қосымша №4
«Күн бұлт»
«Постер» құру
Саналы адамға атысты пікірлер – күнге орналастыру
Балалық шағын бағалайды. Патшаның тағы деп ойлайды.Уақытын текке өткізбейді. Жас кезінде білім, өнер үйренеді. Балалық шақты бағалауға тіл жетпейді. Жастық-алтын деп есептейді. Бағасыз деп ойлайды.
Санасыз адамға қатысты пікірлер – бұлтқа жазу
Бос жүреді. Уақытын бағаламайды. Уақытын еркелеп бос өткізеді.
Қосымша №5
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
... жүгір, жоқ ... түңіл. | Ойынға, білімге Ойдан, тойдан |
Қайтпас уақыттың дәмін ... ... | Татып қал, ауыз ти. |
Жастықтың салты-... | Үйлену, үйрену |
Өнер қуып, надандықтан ... | Жирену, үйрену |
Қосымша №6
Рефлексия
«Бәрі менің қолымда»
Бас бармақ – «Бұл тақырып бойынша әлі ізденіс қажет».
Сұқ саусақ – «Бұл мәселе бойынша нақты нұсқаулар берілді».
Ортан терек – «Маған бұл ұнамады».
Шылдыр шүмек – «Психологиялық эстафета».
Кішкене бөбек – «Маған бұл жерде жетпеді…».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?