Қатені табу және түзету Д.Қасенов «Ең ұзақ күн» Дидактикалық материал. 3 сынып
Қосымша №1
«Заряд алу» ойыны.
Қосымша №2
«Ашық микрофон»
Үлгі сөздер мен сөз тіркестері:
ақынның туған жылы; әкесінің аты; туған жері; оқыған мектебі; өлеңдері; әңгімелері т.б.
Қосымша №3
«Уақыт машинасы»
Ең ұзақ күн
Дәулет Қасенов
Жасұлан пен Қанат жазда атасына жайлауға барды. Қанат атасы- на көмектесіп, қозы бақты. Ал Жасұлан кешке дейін асық ойнап, тай- ға мініп мәз болды. Оған күн тез батып кететін сияқты болып көрінді. «Жайлаудағы күн неге қысқа болады екен?» деп іштей налыды. Қанат болса кешке дейін қозының соңында жүріп, күнді батыра алмайды. Бір- де Жасұлан ойыны қанбай қайтқан кезінде Қанатқа: – Жайлау жақсы екен, бірақ күні қысқа екен, ойын енді қызып келе жатқанда батып кетеді, – дейді. Қанат: – Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық болған шығар, – десе де болмады. Екеуі осылай сөзге таласып қалды. Ақыры Қанат: – Онда ертең менің орныма бір күн қозы бақ, – деді. Жасұлан келіседі. Ертеңіне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыларды өріске шығарды. Қозылар төскейде мамырлай жайылып жүр. Ауыл жаққа көз тастап еді, балалар асыр салып ойнап жүр екен. «Мен де ба- рып ойнасам» деп асықты.
Бірақ күн асықпады. Қайта-қайта қараса да бір орнында тұрды да қойды. Көзін біраз жұмып оты- рып, күн жылжымады ма екен деп қайта қарады. Күн орнынан тапжылмай тұрған сияқты болып көрінді. «Бұл қалай, күнде мұндай емес еді ғой», – деп таңданды Жасұлан. «Қой, мынау бүгін бататын күн емес», – деп, шыдамсызданып түс бол- май қозыларды қораға айдап келді. Келе сала Қанатқа: – Жайлаудың күні әртүрлі болады екен. Кейбір күні қысқа, кейбір күні ұзақ. Әсіресе бүгін ең ұзақ күн болды, – деп, қозыны тастай сала, тұра жөнелді.
Сұрақтар үлгісі:
1. Қанат пен Жасұланның уақыт туралы түсінігі бірдей ме?
2. Жасұлан ойын ойнаған кезде жайлаудың күні қандай деп айтты? Ал қозы баққан кезде не деді?
3. Жасұланның «Жайлаудың күні әртүрлі болады екен. «Кейбір күні ұзақ, кейбір күні қысқа болады» деген сөзімен келісесің бе? Неге?
Қосымша №4
«Сұрақтар аялдамасы» ойыны
1 аялдама. Неге?
2 аялдама. Неліктен?
3 аялдама. Қалай?
Қосымша №5
«Шатасқан оқиғалар»
Кесте үлгісі:
|
|
|
|
|
Қосымша №6
«Салыстыру картасы»
Үлгісі:
Қанат | Жасұлан |
іс-әрекеті, мінез-құлқы | |
Атасына көмектеседі | Ойыны қанбайды |
Қосымша №7
Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі:
Т.А.Ж. | Азиза | Шынар | Ұлан | Наз ерке |
Топта өз міндетін атқаруы |
|
|
|
|
Идея ұсынуы |
|
|
|
|
Белсенділігі |
|
|
|
|
Көмек бере алуы |
|
|
|
|
Өзгені тыңдай алуы |
|
|
|
|
Талқылауды дұрыс жүргізе алуы |
|
|
|
|
Топпен бірлесе жұмыс жасауы |
|
|
|
|
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?