Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. 3 сынып


 Тарау: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру, өлеңді дауыстап мәнерлеп оқу.

 Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беруде өз тұжырымдарын негіздей алады

 Кейбір оқушылар: өлеңді нақышына келтіріп, дауыстап мәнерлеп оқиды.

 

 Бағалау критерийлері

  •  өлеңді дауыстап мәнерлеп оқиды
  •  қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды
  •  сұрақтарға жауап береді

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасы «Сұрақтар мен жауаптар» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

 2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

 3. Теріс қарап тұрып адында тұрған сыныптасы туралы сұрақ құрастырып жұбына қояды. Жұбы сұрақтарға жауап береді.

 Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

 Демек, біз бүгінгі сабақта шығарма мазмұны бойынша қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру, өлеңді дауыстап мәнерлеп оқу.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Анықтайық..

 (ЖЖ, Ө,Т). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы орындалады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» деген сұрақ беріледі. Оқушылар сұраққа жауапты келесі ретпен орнындап береді.

 1.Ойлан. Оқушылар сұрақ бойынша жеке ойланады.

 2. Жұптас. Жұбына өз жауабы жайлы айтады.

 3.Бөліс. Жұптар ақылдасып өз ойларын ортаға салады. Жауаптарын күн күлтешесіне жазады. Жақсы (сары жолаққа) мен жамады (қоңыр жолаққа) ажыратып жазады.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

 

 2-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқу ұсынылады.

  •  Өлеңнің мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді немесе аудиодан тыңдатуға болады.
  •  Тақтаға бір шумақтың мәнерлеп оқу позициясының үлгісін беру үшін, жақсы мәнерлі оқитын оқушысының көмегімен бастауға болады.
  •  Оқушыларға өлеңді іштей оқуға уақыт беріледі.
  •  Бір мезгілде барлық оқушылар өз топтарында өлеңді мәнерлеп дауыстап оқиды.
  •  «Сынып сахнасы» бұрышына ең үздік немесе өз екімен шығарып өлеңнің бір шумаған мәнерлеп оқиды.

 Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

 3-тапсырма. Жазайық.

 (Т, Ұ) «Венндиаграммасы» әдісі. Өлеңде берілген сөздерді екіге бөліп,тотап, жазу тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Өлеңде берілген сөздерді екіге бөліп,тотап жаз.

 1. Оқушылар жұптасып шеңбердегі бос орындарды толтырады.

 2. Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топқа бірігіп, өз диаграммаларын салыстырады және толықтырады.

 3. Шағын топта оқушылар өздерінің ортақ көзқарасы бойынша сипаттамалар мен тұжырымдамалар тізімін жасайды.

 

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

 Қ/Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Жасыл түс – барлығын жаздым, түсінікті болды. Қызыл түс –екі бағанын жаздым, түсінбеген жерлерім бар. Сары түс – барлығын жазған жоқпын, түсінбедім.

 4-тапсырма. Құрастырайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

 «Жаңғақ» әдісі. Топтастырып жазған сөздер бойынша сұрақтар құрастыр тапсырылады.

 1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді .

 2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

 3. Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

 4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

 «Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

 5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

 Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі »

 Оқушылардың тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін анықтау.

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

 «Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады

 «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу