Шығарманы мазмұндау. 3 сынып


 Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау.

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен мазмұндайды, маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді

 Көптеген оқушылар: ашық сұрақтар қойып құрастыруда өз қиялын ұштастыра алады

 Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша өз ойын толық жеткізе алады

 

 Бағалау критерийлері

  •  маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді
  •  шығарманың мазмұнын өз сөзімен мазмұндайды

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Ширату тапсырмасы.

 Мұғалім «Ұялы телефонды шамадан тыс қолдану қажет пе?» деген сұрақ қояды.

 2. Оқушыларға:

 – алдымен оқушыларға жеке ойлануға уақыт беріледі.

 – оқушыларды жұпқа бөліп, өз жұбымен сұрақты талқылайды (олар екеуден немесе үшеуден жұмыс істейді). Бір-біріне сұрақтарын қояды. Қойған сұрақтарына жауап береді.

 – содан кейін бірнеше жұптан/топтан өз сұхбаттары жөнінде сұраңыз.

 Оқу мақсатын айқындау: шығарманың мазмұнын өз сөзімен мазмұндайды, маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді

 Сабақ мақсатын хабарлау: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтап және мұғалімнің көмегімен өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеуді) табамыз.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Сөйлесейік.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т,Ө). Суреттер туралы не айтасың? Бұл суреттер «жақсы» немесе «жаман» іс-әркетті көрсетіп тұр ма?

  •  Оқушылар топқа бөлінеді.
  •  Суреттер бойынша топта талқылауға, өз ойларын айтуға тапсырма беріледі.

 

 

  • Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндіреді.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылар ойларын білдірсе, ал қабілетті оқушылар дұрыс жауаптар ұсына алады.

 (Қ.Б)«Бас бармақ» әдісі:

  •  толықтай сипаттап айтып бердім (бас бармақ жоғары қарайды)
  •  кейбір тұстарды түсіндіре алмадым (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр)
  •  қорғай алмадым (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр)

 2-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.Оқулықтағы «Асан мен телефон» тақырыбындағы мәтінді оқу тапсырылады.

 2. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алауға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздер түсіндіріледі.

 3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін қайта шолу тапсырылады.

 Саралау: «Тапсырма арқылы» саралау. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығады және сұрақтарға жауап бере алады, ал қабілетті оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

 Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 

 3-тапсырма. Мазмұндайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө, Т). «Толықтыр, өзгерт, дамыт, күрделендір» әдісі.

 1. Оқушыларға «мәтіннің мазмұнын өз сөзіңмен айтып көр» деген тапсырма беріледі.

 2. Мазмұнын айтуға дайындалуға уақыт беріледі. 3. Оқушылардың өз еріктері бойынша мазмұны сұралады.

 4. Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатындай ашық сұрақтар қояды.

 5. Оқушылар жауап берудің алдында ойлануына уақыт беріледі.

 Саралау: ««Тапсырма арқылы» саралау. Әр оқушының топтық жұмыстағы рөлдері бойынша өздерінің жұмыстарын түсіндіріп берудегі мүмкіндіктерін ескеріңіз.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады

 

 4-тапсырма. Ойланайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Фишбoyн» («Бaлықсүйегi») әдiсi

 Мәтіннен қандай мәселелерді байқауға болады?

 1. Балықтың қаңқасы сызылады.

 2. Қаңқаның жоғарғы жағына проблемалар, ал, төменгі жағына сол проблемаларды айқындайтын фактілер келтіріледі.

 3. Аяқталған схемаларын көрсетіп, туындаған жағдаяттар мен оларды шешу жолдарының арасындағы байланысы көрсетілуі керек.

 

 

 

 

 

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау» негізінде орындалады. Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясын тыңдап, қолдаңыз, қабілетті оқушылардың түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айтуын сұраңыз.

 Қ/Б ««Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Бір минут» әдісі

 Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсык тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу