Көркем шығарма элементтерін салыстыру. 3 сынып
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру
Оқу мақсаттары:
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізеді және кейіптеуді анықтайды.
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын болжау арқылы, өз ойы мен көркем-бейнелі сөздерді түсіне отырып анық жеткізеді.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийлері
- оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
- көркем-бейнелі сөздерді пайдалана отырып, өз ойын жеткізеді.
- әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасы «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:
1. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Мұғалім «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті.
2. «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек.
3. Молекулалар екіден жұптасқан кезде біріне сұрақ қойып, екіншісі сол сұраққа жауап беру ұсынылады.
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Қандай әрекет жасадық?(сұрақ құрып, сұраққа жауап бердік) деген сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Демек, біз бүгінгі сабағымызда оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткіземіз және сұрақтарға жауап береміз.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма. Болжайық.
(Т). «Мәтін не туралы? Суреттер арқылы болжа» деген тапсырма «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы орындалады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
- Мұғалім топтарға Толымбек Әбдірайымтың «Ине мен Жіп» шығармасындағы кейіпкерлердің суреттері салынған қорапша береді.
- Осы суреттер арқылы шығарманың не туралы екенін болжайды.
- Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
Саралау: қолдауды қажет ететін оқушыларға «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы шығарманың тақырыбын болжағанда сұрақтар арқылы көмек беріледі.
- Осы суреттер арқылы не айтуға болады?
- Бұлар нелер?
- Өзіңнің денеңнен осы мүшелерді тауып берші?
- Олардың қызметі туралы не білесіңдер?
Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
2-тапсырма. Оқиық.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,Ұ) «Детектив» әдісі. Оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, түсініп оқу тапсырылады.
Топтарға Толымбек Әбдірайымтың «Ине мен Жіп» мәтіні бөліктерге бөлініп таратылады.
1. Бірінші бөлік «Ине мен жіптің достығы» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
2. Екінші бөлік «Жіптің ашулануы» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
3. Үшінші бөлік «Иненің жауабы» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
4. Төртінші бөлік «Қателігін түсіну» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Барлық оқушы бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болуы
Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
(МТ). Сен білесің бе? Кейіптеу – әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттеу.
3-тапсырма. Табайық.
(Ж). «Талқылау» әдісі. Мәтіннен көркем-бейнелі, кейіптеу сөздерді тауып, жазу тапсырылады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1. Шығарманы толық оқи отырып, көркем-бейнелі сөздер тізбегін құрап алады.
2. Жұптар «мұғалім-оқушы» рөліне бөлінеді. Мұғалім болған оқушы өз орнында қалады, оқушы көрші жұпқа ауысады.
3. Оқушылар өздерінің тауып алған көркем-бейнелі сөздерін «мұғалімге» оқып береді, мұғалім дұрыс-бұрыс екенін айтады.
4. Оқушылар бір айналым жасаған соң, екінші топтар рөлдерін ауыстырады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы қабілеті жоғары оқушылар көркем-бейнелі сөздерді пайдаланса, қолдауды қажет ететін оқушылар өз қалаулары бойынша тірек сөздерді пайдаланып, өз ойын жеткізеді.
Қ/Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
4-тапсырма. Сұра және жауап бер.
(ЖЖ). «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:
- Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.
- Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.
- Оқыған мәтін жанды табиғат жайлы ма? Әлде өлі табиғат туралы ма?
- Жіптің ине туралы айтқандарынан көркем-бейнелі сөздерді ата
- Иненің жауабынан кейіптеуді байқауға бола ма? Мысал келтір.
- Жіп не үшін ұялды, сен ен істер едің? Бұл жерде не жайында айтылып тұр.
Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Қ/Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар
Сабақтың соңы.
Рефлексия: «Тау шыңы» әдісі
Таудың басы–егер барлығын түсінсең, келесі оқушыға түсіндір.
Таудың ортасы- барлығын түсіндім, бірақ түсіндіруге қиналамын
Таудың етегі – маған барлық тапсырмалар қиын.
Нұсқау: Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында осы реттілікпен қорытады.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?