Шығармадағы оқиғаны болжау слайд. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Шығармадағы оқиғаны болжау
Сабақтың мақсаты:
Бағалау критерийлері
әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады
көркем-бейнелі сөздерді пайдалана отырып, өз ойын жеткізеді.
оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
Ширату
Болжайық
1.Суреттерді қараңдар.
2.Осы суреттер арқылы шығарманың не туралы екенін болжаңдар.
3.Тақырыптың атын болжаңдар.
ҚБ:«Бас бармақ»
Оқиық
«Ине мен Жіп»
1. «Ине мен жіптің достығы» оқыңдар. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылаңдар.
2. «Жіптің ашулануы» оқыңдар. Оқып болған соң топтарыңда мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылаңдар.
3. «Иненің жауабы» оқыңдар. Оқып болған соң топтарыңда мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылаңдар.
4. «Қателігін түсіну» оқыңдар. Оқып болған соң топтарыңда мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылаңдар.
ҚБ:
«Сен білесің бе?»
Кейіптеу– әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрсе-лерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітір-гендей етіп суреттеу.
Табайық
1. Шығарманы толық оқи отырып, көркем-бейнелі сөздер тізбегін құрап алыңдар.
2. Жұптар «мұғалім-оқушы» рөліне бөлініңдер.Мұғалім болған оқушы өз орнында қалады, оқушы көрші жұпқа ауысады.
3. Көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойларыңды жеткізіңдер.
ҚБ: «Ауызша кері байланыс»
«Жарайсың», «Керемет», «Жақсы».
«Сұра және жауап бер»
Оқыған мәтін жанды табиғат жайлы ма? Әлде өлі табиғат туралы ма?
Жіптің ине туралы айтқандарынан көркем-бейнелі сөздерді ата
Иненің жауабынан кейіптеуді байқауға бола ма? Мысал келтір.
Жіп не үшін ұялды, сен ен істер едің? Бұл жерде не жайында айтылып тұр.
Қ.Б. «Жапондық бағалау»
«Тау шыңы»
Таудың басы–егер барлығын түсінсең, келесі оқушыға түсіндір.
Таудың ортасы - барлығын түсіндім, бірақ түсіндіруге қиналамын
Таудың етегі – маған барлық тапсырмалар қиын.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Мейірім
Мәтінді мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаның соңын болжап көр.
Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеп:
— Неткен сұлу едің? - деді Күн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?