Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы Күні: Сынып: 3 сынып | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімніңаты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 2.2. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады Көптеген оқушылар:қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен және топпен бірлескен жұмыс әрекеттері негізінде ынтымақтастық, өз ойын ашық жеткізген кезде ашықтық құндылықтары дамиды. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар сұрақ дайындағанда, мәтінді бөліктерге бөлгенде қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс жүреді. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ экран | ||||
Бастапқы білім | Cұрақ қою және жауап беру. | ||||
Сабақбарысы | |||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату. Оқушылардың зейінін шоғырландыру және де сабақ мақсатына жақын даму аймағын құру көзделеді. «Доп лақтыру» ойыны. Мұғалім оқушыларға ортақ тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар жауап береді. Мәтін бойынша білетініңді ата. Өткен сабақта қанадй мәтін оқыдық? Ол мәтін мазмұны бойынша неге жауап бердіңдер? Ол сұрақтардың жауабын қайдан алдыңдар? -Балалар біз жаңа өздеріңмен қандай ойын ойнадық? -балалардың ықтимал жауабы ойын ойнадық. -сіз сұрақ қойдыңыз, біз жауап бердік. -Ендеше, балалар біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты: шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қоямыз, оған жауап береміз, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрамыз. | 4 слайд | |||
Сабақтың ортасы 9 минут 7 минут 7 минут 7 минут | Оқиық. (Ж; Ұ, МК) Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» әңгімесін оқу ұсынылады. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуда түсініксіз сөздерді белгілеп оқу туралы алдын ала ескертеді. Мысалы, Қаумалап – бірнеше адамның қоршап, жиналып алуы. Отағасы – отбасындағы ер адам, әке. Сырғауыл – жіңішкелеу келген ұзын ағаш. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, бірлесе талқыланады.
1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады. 2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді. 3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады. ҚБ. «Бағдаршам» әдісі Жасыл түсі -барлық тапсырма орындалды. Сары түсі – тапсырманы орташа деңгейде жасады. Қызыл түсі– тапсырма қате орындалған немесе мүлдем жоқ. Анықтайық. Әткеншек әдісі (Карусель) (ТЖ). Мәтінді бөліктерге бөл. Мұғалімнің көмегімен оқушыларға шығарманы бөліктерге бөлуге оңтайлы жағдай жасалады, плакаттар беріледі. 1. 1-2 тапсырмада алынған мәтін мазмұны бойынша оқушылар мәтінді бөліктерге бөледі. 2. Оқушылар бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарын келесі топқа өткізеді. 3.Оқушылар жұмыстары талқыланады. Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б. Жазайық. «Еркін жазу» әдісі (ТЖ). Алдыңғы тапсырмадағы плакатты пайдаланып, жоспар құр. 1.Уақыт беріледі, алдыңғы тапсырмада бөлінген бөліктерге сүйене отырып оқушыар топпен еркін жоспар құрады. 2. Әр топ өз жоспарын оқиды. 3. Ортаға салады. 4. Барлық оқушының келісуімен ең тиімді жоспарды таңдап алады. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды Қ.Б ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. қате орындалған немесе мүлдем жоқ. | 5 слайд
6 слайд 7 слайд 2-қосымша Плакат беріледі. | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: Чемодан, еттартқыш, себет Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені себеттің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі. | 9 слайд | |||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
1-тапсырмада қарқын арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда мәтінді баяу оқитын оқушыға қосымша уақыт беру арқылы көмек көрсетіледі. 2-тапсырмада диалог және қолдау көрсету саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған бөлігіңде не туралы айтылып еді?), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады. 3-тапсырмада мәтінді бөліктерге бөлуде «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Нәтижелері арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі. 4-тапсырмада ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар мәтінге жоспар құру арқылы анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады. Сонымен қатар саралаудың тапсырма тәсілі бойынша жоспар құруда көмекті қажет ететін оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қосымша жоспардың үлгісі ұсынылады. | «Бағдаршам» әдісі, «Бас бармақ» әдістерімен бағаланады. Дескриптор
| Сабақ бойы оқушылардың денсаулығына қауіп төндіретін ешқандай жағдайлар болған жоқ, себебі пайдаланылған ресурстар өте тиімді,әрі бала денсаулығына залалсыз. | |||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?