Мен қалада тұрамын. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен қалада тұрамын

Оқу мақсаттары

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.

Көпшілік оқушылар: шығарманы бөліктерге бөліп,тақырып қояды, жоспар бойынша мазмұнын айтады;

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтінді логикалық бөліктерге бөледі, бөлімдерге тақырып қойып, қоспар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.
  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды .
  • Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.

Тірек сөздер

Ауыл таңы, қала таңы, трамвай,т роллейбус

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет», «ынтымақтастық»,«еңбек пен шығармашылық»сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,Отанына риясыз қызмет ететін, білімді,білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқиды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа сурет бөліктері беріледі. Оқушылар суретті құрастырады. Құрастырған сурет бойынша өз ойларын айтады(көліктің түрі,ауыл немесе қала көлігі екенін айтып өту)

1-топ Трамвай

2-топ Троллейбус

3-топ Автобус

4-топ Жедел жәрдем көлігі

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша 1

https://yandex.kz/images

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-7 минут

8-20 минут

21-26минут

27-31минут

32-36 минут

Авторлармен танысу

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (1924-1991) 1924 жылы қазанның 15-ші жұлдызында Алматы облысы Нарынкөл ауданды, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Қазақстанның балалар жазушысы, балалар туралы көптеген повестердің, әңгімелердің авторы.

Ертай Ашықбаев-1956 жылы Ақтөбе облысында туған. Балаларға арналған «Ашық сабақ», «Жақсы бала» т,б өлең жинақтары бар.

1-тапсырма

(Ө, Т) Бердібек Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда» шығармасын «Бағытталған оқу» әдісі бойынша әңгімені бөліктермен оқиды. Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Әр топ ақылдасып ойларын ортаға салып болған соң,екінші бөлікті оқиды. Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әрбір бөлікке тақырып қойып, жоспар құрады.

Ертай Ашықбаев «Таң» өлеңін де оқып,топта ойларын ортаға салады.

Саралау:Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Ұ, ЖЖ) «Радиоға қоңырау шалу» әдісі

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.

Рольдер: қала тұрғыны, ауыл тұрғыны, жедел жәрдем қызметкері, жүргізуші.

Үлгі:

-Қала тұрмысы несімен қызықтырады?

- Сізге ауылда тұрған несімен ұнайды?

-Ауылыңыздың көркеюіне қандай үлес қосар едіңіз?

-Жүргізуші мамандығын неге таңдадыңыз?

т.б сұрақтар қойылады

Саралау: Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,

«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ж,ЖЖ) Кестемен жұмыс

Оқушылар алдарындағы берілген кестені толтырады. Жазып болғаннан кейін жұптаса отырып тексереді.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

4-тапсырма

(Т) «Сурет сал» әдісі

Әр топқа 7 минутта мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады.Әр топқа плакаттар таратылады.

Салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді.

Саралау: Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдыру.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Қосымша 2

Слайд №4

Оқулық 28-30 беттер

Қосымша 3

Қосымша 4

Слайд №4-5

Сабақтың соңы

37-40 минут

“Пайымдау сұрақтары” әдісі

 Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды? Не қызық болды? Жаңадан не білдіңдер? Не үйрендіңдер? т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.

 Кері байланыс

 Сабақта бәрі түсінікті дегендер ұшақты, түсінікті дегендер пойызды, түсінгім келеді дегендер автобусты таңдайды.

 

Слайд №7

Қосымша 5

https://yandex.kz/images

Саралау

1-тапсырма

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

2-тапсырма

Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

3-тапсырма

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма

Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдыру

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,

«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

  • шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • әр бөлікке сәйкес тақырып қояды;
  • жоспар бойынша мәтін мазмұныны айтады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу