«Қазтуған жыраудың « Туған жерімен қоштасу» толғауы


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне көмек ретінде қолдануға болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім: Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Педагогтің аты-жөні:

Мамытбекова Ж.Б

Күні:

22.10.2022

Сыныбы: 7А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қазтуған жыраудың « Туған жерімен қоштасу» толғауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.4.1.көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

7.2.3.1. шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, кейіпкердің бейнесін аша алады. Шығармадан мысалдар келтіре отырып, кейіпкер бейнесін ашуда ақынның шеберлігіне, көркемдегіш құралдарға талдау жасай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

«Таза тақта» әдісі

1-тапсырма.

1. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің мазмұндық желісі қандай?

2.Неліктен жырау өлеңдерінің тақырыбы ел мүддесін қоғауға арналған?

3.Қазтуған жырау поэзиясының ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

4.Қайғыланып асып барамын Ноғайлы –қазақ елімнен!- деген өлең жолын қалай түсінесің?

5.Өлеңнің негізгі идеясы не деп ойлайсың?

«Таза тақта» әдісі

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, тақтаны тазарту

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- сұрақтарға жауап береді

Оқулық, жұмыс дәптерлері

№2-тапсырм

Қазтуған жыраудың қайғылануына себеп болған жағдайларды «Балық қаңқасы» әдісі арқылы дәлелдей отырып баяндайық.

ВЕНН диаграммасы арқылы

Қазтуған жырау мен Жиембет жырауды салыстырыңдар.

Толғауда кездесетін көріктеуіш құралдардың түрлерін табады.

Дескриптор: Жалпы-6 балл:

- «Балық қаңқасы» әдісі арқылы талдау жасайды

ВЕНН диаграммасы арқылы екі жырауды салыстырады

Дескриптор: Жалпы – 6 балл.

Қазтуған мен Жиембет жырауды салыстырады.

Дескриптор: Жалпы – 6 балл.

Толғаудағы көріктеуіш сөздерді табады

Оқулық, жұмыс дәптерлері,

Үй жұмысы: Эссе жазу

«Қазтуған және заман» тақырыбына тарихи шолу жасап, мәліметтерге сүйене отырып, эссе жазыңдар.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу