Шамалар. Көлем


Орта білім беру пәндері бойынша бейнесабақ сценарийі

2020 оқу жылы. 2-тоқсан

Бейнесабақ ұзақтығы-10-15 минут

Пәні: Математика                            Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы:  Шамалар. Көлем (62 сабақ)

2С Бөлім  Шамаларды өлшеу

Оқу  мақсаты:

1.1.3.1. Ұзындық, көлем, уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді.

 1.1.3.3. Шамалар мәндерін: ұзындық (см,дм), масса (кг), көлем (л) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: ұзындық/ масса/ көлем шамаларын ажыратады,өлшеу құралдары мен өлшем бірліктерін таңдайды.

Оқушылардың басым бөлігі: өлшеу құралдарын қолданып,өлшейді,салыстырады.

Кейбір оқушылар: шамалардың мəндерін салыстырады жəне шама мəндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындайды

Бағалау критерийі:

Ұзындық/ масса/ көлем шамаларын ажыратады және оларды өлшеу құралдары мен өлшем бірліктерін таңдайды.

Ұзындық (см), масса (кг) , сыйымдылық (л) өлшем бірліктерін салыстырады.

Атаулы сандармен амалдар орындайды

-Сәлеметсіздер ме, 2 –сынып оқушылары !

Математика сабағына қош келдіңіздер!

-Бүгінгі сабақта  ыдыстардың көлемін есептеп үйренеміз  және ыдысқа қанша мөлшерде сұйық немесе құрғақ зат сиятынын анықтаймыз. Алдымен өткен

І. Кіріспе бөлім.

Алдыңғы білімді еске түсіру.

  • Заттарды өлшеу үшін нелер қажет?
  • Таразы тепе-теңдік жағдайда болу үшін, не істеуге болады?
  • Сұйық заттарды немен өлшейміз?
  • Ұзындықты немен өлшейміз?

ҚБ: «Мұғалім тарапынан мадақтау»

 

ІІ. Негізгі бөлім.

Ширату тапсырмасы: Суреттегі ыдыстар туралы түсініктерін сұраймын. Олар не үшін керек?

   

  • Дүрыс айтасыңдар бұл ыдыстарға сұйықтық құюға болады.
  • Қалай ойлайсыңдар қай ыдысқа су көбірек сияды? Шелекке ме әлде стақанға ма?

Ыдысқа қанша мөлшерде сұйықтық сиятыны туралы айтқанда – бұл қасиетті «көлем» деп атаймыз.Көлемнің өлшем бірлігі – литр деп аталады. Қысқаша оны л әрпімен жазамыз.

Ыдыстардың көлемі әртүрлі болады. Мысалы сусынның қабында 1 литр деп жазылады, бұның мағынасы сусынның көлемі 1 литр, бұл бөтелкеге 1 литр су (не басқа сұйықтық) сыяды дегені. Су таситын шелектер әдетте 10 литр болады, бұған 10 литр су құя аламыз.

 

    

 Қызықты мәлімет.

 Түйе – бірден  100 литрден астам су іше алады.

Адамның организміндегі қанның жалпы мөлшері 7 л.құрайды.

 Ал көлік 1 литр бензинмен шамамен 10-12 км. жол жүре алады.

Сонымен біз көлем туралы білдік. Ендеше сабақты бекіту үшін тапсырмалар орындайық.

Практикалық кезең. Тапсырмалар.

  1. «Ойлан, тап»

Аквариумда 10 л. су болу керек. Марат 6 л.суды құйып қойды. Сұрақ: аквариумды толтыру  үшін Марат тағы қанша литр су құю керек?

Дескриптор: Амалдарды орындай алады.

 

  1. «Көлемін тап»

Шелектің көлемін анықта.

Құмыраның көлемі – 1 л.

Қазанның көлемі – 2 л.

Сұрақ: Шелектің көлемін табу.

Жауабы: Шелектің көлемі 7 л.

 

Дескриптор: Өлшем бірліктерін салыстыра алады.

                        Амалдарды дұрыс орындайды.

 

  1. «Логикалық есеп»

Сәкенге су құбырынан 2 л. су құйып алу керек. Бірақ үйіндегі шелектердің көлемі 6 л және 4 л.  2 литр суды құйып алу үшін не істеу керек?

Дескриптор: Берілген сандарды пайдаланып, амалдарды орындай алады.

                        Көлемнің өлшем бірліктерің салыстыра алады.

Қорытынды бөлім.

  • Оқушылар, бүгін сендер көлем туралы білдіңдер. Көлемді өлшеуді,салыстыруды,

ажыратуды,ыдыстардың көлемін есептеуді үйрендіңіздер. Көлем сөзін естігенде ойларыңызға не келеді? Нені елестетесіңдер? Осы сөз туралы білетініңді жекелеген сөздермен айт.

«Ассоциация» әдісі

                                  Су                 Литр           Өлшеу

 


                    Үлкен                                                                 Кіші

 

                           Сұйықтық         Ыдыс        Мөлшер

 

Рефлексия:

Үй тапсырмасы: (Практикалық жұмыс)

1 литрлік ыдысты пайдаланып, шәйнекке су құйып көлемін анықта.

Дескриптор: Өз бетінше жұмыстанып, көлемді анықтай алады.

-Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға  рақмет!

 

 

 

ДИЛЯРА ТУГУЖЕВА



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу