Қазақстанның пайдалы қазбалары-елдің минералды ресурстары
Қазақстанның пайдалы қазбалары-елдің минералды ресурстары. 9 сынып қмж
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Физикалық география бөліміЛитосфера тарауы |
Мектеп: №14 жалпы білім беретін орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Амантұрлы Жазира Орахбайқызы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 сынып |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстанның пайдалы қазбалары-елдің минералды ресурстары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
9.3.1.6-Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
1. Оқушылардың барлығы Қазақстанның минералды ресурстарын жіктейді; 2. Басым бөлігі Қазақстанның минералды ресурстарын топтастырады және баға береді; 3. Кейбір оқушылар Қазақстанның минералды ресурстарының экспортқа шығару аймақтарын талдайды және тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
· Мәтінді саналы түрде оқып, өз ойларын білдіреді, талқылайды; · Тау жыныстары (магмалық, шөгінді, метаморфогенді), эндогенді, экзогенді, метаморфты тау жыныстары, пайдалы қазбалар топтары; · Топпен кестені толтырады, кескін картамен жұмыс істейді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих - Қазақстанның пайдалы қазбаларының әлемдегі алатын орнын сипаттайды; Экономика – экспорттау арқылы ел экономикасын жақсарту.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Оқушылар тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуын біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Дереккөздер, ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
10 минут
|
Ұйымдастыру, оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Стоп кадр» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Сыныпта тақтада берілген (1 суретте тас көмірдің, 2 суретте фосфордың, 3 суретте темірдің) бейнеленген.Тас көмір-1 топ Фосфор-2 топ Темір-3 топ «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар беріледі: -Неліктен біз минералды-шикізат ресурстарын тиімді және ұқыпты пайдалануымыз керек? ҚБ-мұғалім-оқушы «Мадақтау» әдісі Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді. Сабақтың тақырыбы анықталады. |
Презентация Суреттер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут |
Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Тапсырма-1.Топтық жұмыс. «АВС» әдісі арқылы оқушылар оқулықтан түзілу жағдайына қарай пайдалы қазбалардың кен орындарын жіктеп, экзогенді, эндогенді, метаморфогенді кен орындарының шығу тегін атау.
Тапсырма-2. «Ашық микрофон» әдісі Оқулықта берілген Қазақстан аумағында пайдалы қазба кен орындарының барлық генетикалық типтерін топтарға біріктіреді: 1 топ: Қара металл кен орындары, сирек металл кен орындары, түсті металл кен орындарын талдайды; 2 топ: Асыл металл кен орындары, радиоактивті металл кен орындары, сирек жерлік элементтер кен орындарын атап, талдайды; 3 топ: Кенді шикізат кен орындары (металл емес), көмірсутекті шикізат кен орындары, көмір кен орындарына жататын металлдарды атайды.
Тапсырма-3. «Карталар сөйлейді» әдісі арқылы оқулықтағы Қазақстанның пайдалы қазбалары картасын пайдаланып (80-беттегі,29-сурет)шартты белгілердің көмегімен ірі пайдалы қазба кен орындарын белгілейді.
|
География оқулығы 9-сынып, Мектеп,2019 (74-75 бет)
География оқулығы 9- сынып, Мектеп,2019 (75-бет) Үлестірме материалдар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 6-7 минут |
Кері байланыс: «Жетістік сатысы» әдісі. Оқушылардың үлестірме қағаздарға сабақта білген, түсінген және қолдарынан келетінін жазады.
Үйге тапсырма: Оқушыларға берілген сілтемеге кіріп, мақаланы оқып, «Қазақстанның минералды ресурстарына» SWOT талдау: күшті жағы, әлсіз жағы, мүмкіндері және қауіптерін бағалап жазу.
|
Үлестірме қағаздар
Сілтеме:https://sputniknews.kz/economy 20200218/12866060/Kazakhstan-paydaly-kazba.html |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша қосымша тапсырмалар беруді жоспарладым. Мұғалімнің қолдауын қажет етпейтін оқушыларға «Карталар сөйлейді» әдісі арқылы күрделі тапсырмаларды беремін. Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқулықта берілген мәліметтер негізінде топтастырып, талдап жұппен жұмыс атқарады. Мұғалімнің қолдауынсыз жұмыс істей алмайтын оқушыларға қолдау жасау мақсатында «АВС» әдісі арқылы топтық тапсырмаларды орындатамын.
|
Күрделі тапсырмалар орындау кезінде оқушылар «Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Жұптық жұмыста: оқушылар бірін-бірі өзара жауаптарын тексеріп, «+», «-» таңбасын қою арқылы бағалайды. Топтық жұмыста оқушылар ауызша түрде керемет, жақсы, кішкене ойланып толықтыр арқылы бағаланады. |
География пәні кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері. Ғаламтормен жұмыс жасаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін қолдану (мысалы, тоқ көзін қолдануда абай болу)
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?