Отбасындағы қамқорлық (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

 Отбасындағы қамқорлық (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Отбасындағы қамқорлық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
Сабақ мақсаттары: Отбасындағы қамқорлық жайлы әңгімелесеміз және этикалық нормалар жайлы ой бөлісеміз.

Таңғы шеңбер
Қуанамын мен е,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Отбасындағы қамқорлық
Отбасындағы қамқорлық жайлы әңгімелесеміз және этикалық нормалар жайлы ой бөлісеміз.
Бағалау критерийлерін құрастыру
(ЖЖ) Әр оқушы жұпта отбасылық альбомдарының таныстырылымын жасайды.

(Ұ Ж) «Автор орындығы» стртегиясы. Бір оқушы автор орындығына отырады. Қалған оқушылар отбасы тақырыбында сұрақтар қояды.

(Ұ Ж) «Қос шеңбер» стратегиясы. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп тұрады. Ішкі шеңбер сұрақ қояды, сыртқысы жауап береді. Сыртқы шеңбердегі оқушылар жылжып отырады, ішкі шеңбердегі оқушылар қойған барлық сұраққа жауап береді. Сұрақтардың тақырыптан ауытқымауы керек.
(ТЖ) «Менің ойымша,...» стратегиясы
Нұсқаулық:
 Бейнероликтен үзінді қарау;
 Осы отбасы жайлы өз ойыңды топта бөлісу;
 Мақалдың тиістісін таңдау және дәлелдеу;
 Әр топтан бір оқушы шығып, негізгі ойды түйіндеп айтады.
Топтарға берілген мақал мәтелдер:
• Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар
• Ата – баланың қорғаны
• Атаға баланың алалығы жоқ.
• Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
• Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
• Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
• «Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
• Біреу, біреуге сүйеу.
• Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 574



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?