Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

 Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрияның аксиомалары.Кеңістіктегі параллельдік
Сабақ тақырыбы: Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу,оларды есептер шешу кезінде қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру.
Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шығару кезінде қолдану.

Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу.
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау
I.Үй тапсырмасын тексеру
II.Ауызша жұмыс.
1) Мына тұжырым дұрыс па?«Жазықтықта жатқан түзуге параллель түзу осы жазықтыққа да параллель». (жоқ, өйткені параллель де болуы мүмкін, түзу осы жазықтықта жатуы да мүмкін.)

2) а және b түзулері өзара параллель. b түзуі арқылы өтетін жазықтық пен а түзуі өзара қалай орналасады ? (а түзуі жазықтыққа параллель)

3) Түзу және өзара қиылыса орналасқан екі жазықтық берілген Олардың өзара орналасуының барлық жағдайларын сипаттаңыз. (Түзу екі жазықтыққа да параллель; біреуіне параллель ,екіншісін қияды; екеуін де қияды)
III. Есептер шығару. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындау барысында әр тапсырмаға бағалау критериін құрастырады.

1. M,N, Q және P нүктелері DABC пирамидасының DB, DC, AC және AB қырларының орталары.
а) AD түзуінің MNQ жзықтықтығына параллель екенін дәлелдеңіз.
b) MNQP төртбұрышының периметрін табыңыз, мұндағы AD=12см, ВС=14см.


2. Берілгені:
Табыңыз: a) b)табыңыз BE

3.Берілгені: ABCD ромб, АА1=А1В, СС1=С1В
a)Дәлелдеңіз: АС ||α.
b) Ромбтың ауданын табыңыз:, егер А1С1=12, ∠D=600

4. АDCDA1B1C1D1 кубы берілген.Р1, Р2, Р3, Р4, Р5, Р6, Р7, Р8 сәйкесінше АВ, ВВ1, В1А1, А1А, CD, CC1, C1D1, DD1.
Мына түзу мен жазықтықтардың өзара орналасуын анықтаңыз.


5. АВСD параллелограмының АD қабырғасынан А1 нүктесі DА1=4см болатындай таңдалынып алынды.
АС қабырғасына параллель жазықтық, А1 нүктесі арқылы өтіп СD қабырғасын С1 нүктесінде қиып өтеді.
а) С1DА1 және АВС үшбұрыштарының ұқсастығын дәлелдеңіз.
б), егер ВС = 10см, А1С1 = 6см болса, АС –ның ұзындығын табыңыз.
Дискриптор
Есептің шарты бойынша сызбасын салады,белгілеулер енгізеді;
Үшбұрыштар ұқсастығын дәлелдейді;
Пропорция құрастырады;
АС –ның ұзындығын табады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 724



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?