Функцияның қасиеттері 4-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)
[quote] Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақ тақырыбы: Функцияның қасиеттері 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты: 10.5.1.3 функцияның қасиеттерін анықтай алу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- Функцияның экстремум нүктелерінің, экстремумдарының, шектелгендігінің анықтамасын біледі және оларды таба алады;
- Функцияның нөлдерінің анықтамасын біледі және оларды таба алады;
- Өспелі, кемімелі, қатаң өспелі, қатаң кемімелі функциялардың анықтамаларын біледі және графиктері бойынша ажырата алады;
- Теориялық мағлұматтарды жұптаса отырып өз беттерінше оқып, танысады;
- Топтық жұмыста бірігіп бірнеше тапсырмаларды орындайды;
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
ІІ. Өтілген материалды пысықтау:
«Сөйлемді толықтыр!» (оқушылардың теориялық білімін тексеру)
1. Егер Х аралығында мәндері үшін ............ теңсіздігі орындалса, онда f функциясы осы аралықта өспелі функция деп аталады.
2. Аргументтің үлкен мәніне функцияның ........ мәні, кіші мәніне функцияның ............ мәні сәйкес келетін болса, онда функция осы аралықта өседі.
3. Егер f функциясының анықталу облысынан алынған әрбір x үшін ............ теңдігі орындалатын болса, онда f функциясы жұп функция деп аталады.
4. Аргументтің үлкен мәніне функцияның ............ мәні, кіші мәніне функцияның ............ мәні сәйкес келетін болса, онда функция осы аралықта кемиді.
5. Егер f функциясының анықталу облысынан алынған әрбір x үшін ............ теңдігі орындалатын болса, онда f функциясы тақ функция деп аталады.
6. Х аралығында бірыңғай өспелі (не кемімелі) болатын функцияны осы аралықта ............ деп атайды.
7. Егер f функциясында кезкелген х ∈ Х үшін
............ теңдігі орындалса, онда ол периодты функция болады. Т≠0
Оқушылар бос орындарды толтырып болған соң дұрыс жауаптары бойынша өз жұмыстарын тексеріп, өз-өздерін бағалайды.
ІІІ: «Ережелерді біле жүрейік!» (7 мин)
(Оқушылар жұптаса отырып төмендегі анықтама, ережелерді өз беттерінше оқып, теориялық мағлұматтармен танысады. Өзара сұрақтар қоя отырып, бір-біріне түсіндіреді.)
Экстремумдар.
Анықтама: Егер y=f(x) функциясы х0 нүктенің белгілі бір δ аймағында х0-δ< х0
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?