Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

 Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;
Сабақтың мақсаттары: мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар білімін актуализациялау.
1. Сұрақтар қою:
-Мәтіндік есептерді шешу алгоритмін айтыңыз.
-Математикалық модельдеу дегенді қалай түсінесіз?
-Жұмысқа байлынысты есептерді шешуде нені маңызды деп есептейсіз?
-Концентрацияға байланысты есептердің математикалық моделін құрудың жалпы теңдеуін жазыңыз.

Т 2.
Алдыңғы меңгерілген білімді қайталау мақсатында оқушыларды үш топқа бөлу. Топтық жұмыс ұсыну
1-топ: «Қозғалысқа» байланысты есеп, №119.
2-топ: «Жұмыс өнімділігіне» байланысты есеп, №120.
3-топ: «Шеңбер бойымен қозғалысқа» байланысты есеп,№ 10. (тренажер)

Дескриптор:
мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі;
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
концентрация,жұмыс өнімділігі, шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді;
Дұрыс жауапты таңдай алады. (егер екі түбір болса)
Жетістік критерийлері оқушыларға таныстырылады.
Топ оқушылары есепті шешу жолдарын презентациялайды.
Мұғалім тапсырма жауабының дұрыстығын бақылайды. Топ оқушылары өз пікірлерімен бөліседі.

Ұ 3.
Оқушыларға жалпы тапсырма, бір оқушы тақтада орындауы мүмкін.

Жұмысшы белгіленген уақытта белгілі бір мөлшерде деталь дайындады. Егер ол детальдарды күнделікті он деталь артық дайындаса, онда ол жұмысты 4,5 күнге ерте аяқтаған болар еді. Егер 5 детальды кем даярласа, онда 3 күн кешігіп аяқтар еді. Жұмысшы қанша деталь және неше күнде даярлады?
Дескриптор:
мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі;
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
жұмыс өнімділігіне қатысты мәтіндік есептерді шешеді;
Дұрыс жауапты таңдай алады.
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Оқушыларға кері байланыс беру, олардың рефлексиясын тыңдау.


Сабақ тақырыбы мен мақсатын қайта еске түсіру.
Мағынаны ашу кезеңі
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдыңғы білімді еске түсіру
Сұрақтар:
Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығы туралы не айтуға болады?
Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары қалай есептеледі?
Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары қалай есептеледі?
Мүмкін жауаптар:
«Шеңбер бойымен қозғалысқа» есептер шығару кезінде төмендегі жағдайларды ескеру қажет:
А) Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығының айырмасы шеңбер ұзындығына тең.
В) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары 2πR/(v_1+v_2 ) формуласымен есептеледі.
С) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары 2πR/(v_1-v_2 ) (v_1>v_2) формуласымен есептеледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 669



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?