Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 3-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 3-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 3-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат түбірдің мәнін есептеу үшін және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруде, теңдіктерді дәлелдеуде арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою.
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады.

«10 секунд ойлануға» тапсырмасы.
Мұғалім оқылып жатқан тақырыпқа қатысты оқушыларға сұрақтар қояды, олар сыни тұрғыдан ойлауға ықпал етеді, әрбір сұраққа ойлануға 10 секунд қана беріледі.
Оқушылар 40 секунд бойы барлық 4 сұраққа жазбаша жауап береді, тек қана жауаптарын жазады. Кейін мұғалім дұрыс жауаптарды көрсетеді, оқушылар өздерін тексереді. Кейбір оқушылар сұрақтарға жауаптарын айтады.

Эйлер есебі.
Мұғалім оқушыларға түбірді шығару операциясын қолданып, Эйлер есебін шешуді ұсынады. Мұғалім оқушыларға Стендальдың «Автобиографиялар» еңбегінде өзінің оқу жылдары жайлы айтады: «Мен Эйлерда (математика мұғалімі) шаруа әйелдің базарға апара жатқан жұмыртқалар саны туралы есепті таптым... Ол мен үшін жаңалық болды. Мен сонда алгебра деп аталатын құралмен қолдану не екенін түсіндім. Бірақ, маған ол туралы ешкім айтпап еді...». Осы «Алгебраға кіріспе» есебі жас Стендальдың ойына сондай қатты әсер қалдырған.

Есеп. Екі шаруа әйел базарға 100 жұмыртқа әкелді, біреуінде екіншісіне қарағанда көбірек; екеуі де бірдей сомада пайда тапты. Біріншісі екіншісіне айтты: "Сенің жұмыртқаларын болғанда мен 15 крейцер табатын едім", деді. Екіншісі жауап берді: "Ал сенің жұмыртқаларын менде болғанда мен олар үшін 6 2/3 крейцер табатын едім", деген екен. Әрқайсысында қанша жұмыртқадан болған?

Оқушылар есепті талдайды және оны жұпта орындайды. Кейін мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, аяқталысымен кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері:
Есеп шарты бойынша айнымалыны енгізеді;
Енгізілген айнымалыға қатысты дұрыс теңдеу қүрастырады;
Енгізілген айнымалының мәнін дұрыс табады;
Есептің сұрағына дұрыс жауап береді.

4. Тест.
Оқушылар тестті жеке орындайды. Мұғалім көмек көрсетпейді.
Есептерді шеше отырып, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес әріпті жазып алып отырады. Нәтижесінде, дұрыс кілт сөз алыну керек.

Бағалау критерийлері:
Дұрыс кілт сөз алынған.

Кері байланыс ретінде оқушыларға келесі шәкіл ұсынылады:
Тест нәтижелері
0-3 балл – «Саған мұғалімнің көмегі керек!»
4-5 балл – «Өткен материалды өз бетіңмен қайтала»
6-7 балл – «Өте жақсы нәтиже, бірақ босаңсыма!»

Кілт сөз – текемет.
Мұғалім текемет не екені жайлы айтады. Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған қазақ ұлттық киіз үй жиһазы.

5. Білген пайдалы…
Мұғалім құрама саннан квадрат түбір алған кезде оны жай көбейткіштерге жіктеп, осы көбейткіштердің квадраттарын бөліп алған пайдалы болатынын айтады.
Кейін мұғалім мысалды талдап және оған сүйеніп көбейткішті түбірдің сыртына шығаруға тапсырма орындауды ұсынады.
Оқушылар жеке жұмыс істейді. Қажеттілігінше мұғалім консултациялық көмек көрсетеді.
Аяқталған кезде мұғалім оқушылар жұмысын критерийлер бойынша бағалайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 240



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?