Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 2-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат түбірдің мәнін есептеу үшін және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру үшін арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою.
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады. Мұғалім радикал терминінің қолданысының көпмағыналығы айтылады. Мысалы, химияда, лингвистикада т.б.

2. Сауалнама.
Мұғалім оқушыларға теориялық материалды қайталауға ықпал ететін сұрақтар қояды.
• Сандардың көбейтіндісінің квадрат түбірі жайлы теореманы айтыңыз және жазыңыз.
• Бөлшектің квадрат түбірі жайлы теореманы айтыңыз және жазыңыз.
• Санның (өрнектің) түбірі жайлы теореманы айтыңыз.
• Жұп дәрежелі саннан квадрат түбірді қалай алуға болады?
Оқушылар қасиеттерді формула түрінде жазады, кейін мұғалім кейбір оқушылардан оларды ауызша айтуларын сұрайды. Сол кезде мұғалім оқушылардың математикалық тілді дұрыс қолдануына назар аударады, қажет болған жағдайда презентация слайдтарын көрсету арқылы түзетеді.

Бағалау критерийлері:
• Көбейтіндінің квадрат түбірі теоремасын дұрыс айтады және оны формула көмегімен жазады;
• Бөлшектің квадрат түбірі жайлы теореманы дұрыс айтады және оны формула көмегімен жазады;
• Санның (өрнектің) квадратының квадрат түбірі жайлы теореманы дұрыс айтады және оны формула көмегімен жазады;
• Жұп дәрежелі саннан қалай квадрат түбір алу керектігін түсіндіреді.

• Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануға тапсырмалар орындау.
Оқылып өткен арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттеріне қоса, келесі тұжырымды қарастырған пайдалы болатындығын мұғалім хабарлайды:
Кез келген теріс емес а нақты саны және натурал n үшін келесі теңдік дұрыс болады

Мұғалім оқушыларға арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын қолдана отырып, тұжырымды дәлелдеуді ұсынады. Оқушылар жұпта тұжырымдарды талқылайды және дәлелдейді.
Кейін мұғалім оқушылардың жұмысын бағалап, сыныпқа дәлелдеуді көрсетеді және берілген теңдікті қолдануға мысалдар келтіреді.
Бағалау критерийлері:
• Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын дұрыс қолданады;
• Теріс емес көбейткіштердің көбейтіндісінің арифметикалық квадрат түбірі қасиетін дұрыс қолданады;
• Натурал көрсеткішті дәреженің қасиетін дұрыс қолданады;
• Квадрат түбірлер жайлы тұжырымды дәлелдейді.

Типтік қателерді жібермес үшін оқушыларға тапсырма беріледі:
Келесі теңдіктердің қайсысы а мен b мүмкін мәндері үшін тепе-теңдік болмайды. Мысалдар арқылы негіздеңіз.

Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім оларды бағалайды, содан кейін дұрыс емес мысалдарды көрсетеді, оларға контрмысал келтіреді.
Бағалау критерийлері:
• Берілген теңдіктердің мүмкін мәндерін дұрыс табады;
• Берілген теңдіктердің ішінен дұрыс емес теңдіктерді дұрыс анықтайды;
• Мысалдар көмегімен неліктен олардың дұрыс емес екендігін түсіндіреді.

Жеке жұмыс.
Оқушыларға өз бетімен шығаруға тапсырмалар беріледі: міндетті және күрделі деңгей.
Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды, қажетінше мұғалім көмек көрсете алады. Орындау аяқталғаннан кейін мұғалім оқушы жұмыстарын бағалайды, сыныппен бірге типтік қателерді талдайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 416



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?