Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделу жолдары мен өсімдік тіршілігіндегі өзгерістер, маусымдық өзгерістер жайлы мағлұмат алады;
өсімдік тіршілігі белсенді өсу мен тыныштық кезеңінен тұратынын түсінеді.

Ұйымдастыру. «Күн мен түн» ойыны.
Оқушыларға көздерін жұмғызып, Түн дегенде түнде болатын, Күн дегенде күндіз болатын құбылыстарды көз алдарына елестетіп айтқызу.
Оқушыларға сұрақ қою:
- Табиғат сәні не?
- Өсімдіктерді отырғызатын жыл мезгілін атаңдар.
- Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
- Ағаштардың жапырақтары қашан түседі?
- Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар сақталуы керек?
- Қоршаған орта жағдайлары қай кезде өзгереді?
- Өсімдіктер ұйықтайды деп ойлайсыңдар ма?
Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң сабақ тақырыбын өздеріне тапқызып, мақсатымен таныстыру.

1. Сұрақ-жауап
- Өсімдіктің жануардан қандай ерекшелігі бар?
- Қай кезде өсімдік тіршілігінде өзгерістер болады? деген сұрақтарға оқушылардың жауабын тыңдау.
Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударып, ойларын айтқызу.
Мәтінмен жұмыс. Табиғат тынысы.
Оқушыларды мәтінмен таныстыру. Ырғақ, тыныштық күй сөздерінің мағынасын ашу.
2. Күн мен түн. Жұптық жұмыс.
Оқушыларға суреттегі өсімдіктердің қайсысы ұйқыда, қайсысы тыныштық күйде екенін тапқызу, дәлелдемелерін тыңдау.
3. Суретпен жұмыс.
Тақтаға 4 маусымның суретін көрсету, сұрақтар қою.
- Бір жыл ішінде өсімдік тіршілігінде қандай қолайлы және қолайсыз кезеңдер болады?
- Жазғы құрғақшылық кезінде өсімдік тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
- Қыс түскенде қандай өзгерістер болады?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
4. Зертте
Оқушылар энциклопедия, ғаламторды пайдаланып, қыстыгүні ағаштар неге «ұйықтайды»? деген сұраққа жауап іздейді. Сыныптағы қабілеті жоғары оқушылар мектептегі үлкендерге осы сауалды қойып сұхбат алады.
Әр топқа қыстағы ағаш бейнеленген плакат беру. Топ мүшелері плакатқа тапқан ақпараттарын өңдеп, жазуды тапсыру. Жазылымдарын басқаларға оқып, пікір алмасу.
Себебі: Өсімдік фотосинтез үдерісі арқылы өседі, дамиды. Энергияны күннен алады. Сондықтан өсімдіктерге жылу, энергия көзі жетіспегендіктен дамуын тоқтатады.
5. Ойлан
«Тұқым – тіршіліктің жалғасы» дегенді қалай түсіндіресің?
Суретке қарап тұқымның өсу кезеңдерін айтады. Картоп тұқымын түйнек деп аталатынын естеріне түсіру.
№ өсімдік мүшелеріндегі өзгерістер

1. Картоп тұқымы топыраққа отырғызылады.
2. Түйнектен ұзын мұртшалар шығарады.
3. Төменгі жағында тамыры, жоғарғы жағында сабақ пайда болады.
4. Сабақта жапырақ пайда болады. Жапырағы қою жасыл түсті, сабақта кезектесіп орналасады.
Қорытынды. Топыраққа енген тұқым қажетті жағдайлар жылу, жарық, ылғалдың арқасында көбейіп, жетіледі.
6. Сен білесің бе?
Ғалымдардың болжауымен таныстыру.
7. Бағалау. «5 сұрақ, 5 жауап»
Оқушыларға 5 сұрақ беріп, жауаптарын жазғызу. Жауаптарын жұппен бағалау.
1. Тұқым көктеп өсуі үшін қандай жағдайлар керек?
2. Өсімдік қай кезде өсуін тоқтатады?
3. Өсімдіктің дамуына қандай өзгерістер әсер етеді?
4. Өсімдік тіршілігі қандай кезеңдерден тұрады?
5. Өсімдік қай кезде белсенді өседі?.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 819



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?