Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
жылусүйгіш өсімдіктер туралы мағлұмат алады;
өлі табиғатта болатын құбылыстардың өсімдікке әсерін түсінеді.

Ұйымдастыру. «Топқа бөл»
Сынып оқушыларына өсімдіктердің суреттерін беру. Қайың, көктерек, емен, шырша, бүлдірген, шайқурайлар, саумалдық пен қырыққұлақ, қызғалдақ, қазжуа, астық дақылдары, жебіршөп, шатыраш т.с.с өсімдіктердің суреттерін екі топқа бөлу. Неліктен олай бөлгендеріне түсініктеме беру.
Проблемалық жағдаят.
«Көктем! Далада әсем гүлдер адамның көңіл-күйін көтеріп тұр. Айжан таңертең қаздарын ауыл шетіне апарып, оларды жайқалған бір төбешікке жайылуға қоя берді. Өзі кітабын алып оқып отырды. Жан-жағына көз тастап, қаздарының жайылып жүргенін, шалғынның құлпыра гүлдеп тұрғанына назар аударды да, кітабына үңілді. Айжан төбешіктің екінші жағына алыстап кеткен қаздарын қайырмақшы болып барса, ол жерде жайқалып өскен әсем гүлдер байқалмайды. Неге?
Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазу.
Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері
Жылу сөзіне синоним термин сөз ........(температура)
1) Температура. Сұрақтармен жұмыс.
- Бір тәулік ішінде күн райының, судың, топырақтың температурасы қалай өзгереді?
- Жыл мезгіліне байланысты қалай өзгереді?
- Өсімдіктер жылдың қай мезгілінде тез өседі?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
Оқушыларға өлі табиғатта болатын құбылыстардың өсімдікке де әсер ететінін жеткізу.
2) Жылу. Жұптық жұмыс.
Өсімдіктің әр мүшесі мен температурасын диаграммада белгілеп, өсімдік мүшесінің қайсысы жылуды көбірек алатынын анықтау.
- Жуашық пен тамыр неліктен аз жылынады? деген сұраққа оқушылардың ойын тыңдау.
Қорытынды: Күн сәулесі жылуының жер бетіне таралуы әркелкі болады.
3) Суреттер арқылы сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Бұл өсімдіктер жайлы оқушылардың алғашқы білімдері тексеріледі:
- Бұл қандай өсімдіктер?
- Қай жерлерде өседі?
- Бұл өсімдіктер жайлы естулерің бар ма?

Зертте! Топтық жұмыс. Алдын-ала өсімдіктер (жусан, жантақ, сүттіген) жайлы ақпараттар бар кітап, журнал, газеттер, энциклопедия дайындау. Ғаламтордан өз беттерімен мағлұмат табуға, мектеп қауымдастығынан сұхбат алуға жағдай жасау.
1. Өсімдіктердің жапырақтарын сипаттау.
2. Жапырақтың қызметі жайлы ақпарат беру.
3. Суреттердегі өсімдіктердің жоғары температураға бейімделуі.
Ақпаратты 1-топ баспа материалдарынан іздестіреді, 2-топ ғаламтордан ақпарат жинайды, 3-топ мектеп қауымдастығынан сұхбат алады.
4) Ақпаратпен бөлісу. Межелі уақыттан кейін 3 топ өз ақпараттарымен бөлісу.
5) Оқулықпен жұмыс.
«Түртіп алу» стратегиясы арқылы ақпаратты оқу, түсініксіз сөздерді белгілеп, сол сөздермен сөздік жұмыс жүргізу.
6) Топтар бірін-бірі бағалайды.
Зерттеу-ізденушілікпен айналысып, көбірек мәлімет жинақтаған топтарды анықтау.
Қосымша жұмыс. Жұмыс дәптері 9, 10- жұмыс парағы (11, 12-б.) .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 701



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?