Электртерістілік және байланыс полюстілігі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Электртерістілік және байланыс полюстілігі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Электртерістілік және байланыс полюстілігі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Сабақ мақсаттары: - Электртерістілік ұғымының не екенің біледі және түсінеді;
- Ковалентті байланыстың не екенің біледі;
- Ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Ковалентті байланыстың түзілуін нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіреді;

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмаларын қаншалықты меңгергенің тексеру, онда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу мақсатында үй тапсырмалары сұралады.
Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша
талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:
І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):
1. «Октет ережелерінің» ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
2. Металл және бейметалл атомдарының тұрақты бөлшектерге айналуының сызбанұсқасын құрыңыз.
3. Электрон беруге қабілетті атомдарды қалай атауға болады?
4. Электронды қабылдай ала алатын атомдарды қалай атауға болады?

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):
1. Натрий мен оттек атомдарының арасындағы электрондарды беріп жіберу және қосып алу процесін жазыңыздар.
2. Екі бейметалл атомдары әрекеттескенде не болады? Берген жауаптарыңызды жан-жақты түсіндіріңіздер.

(f) Оқушылардан талқыланған сұрақтарды түсіндіруін сұраңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмалар талқыланып болғаннан соң оқушыларға жаңа сабақтың оқу мақсаты таныстырылады.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары):
- Электртерістілік ұғымының не екенің біледі және түсінеді;
- Ковалентті байланыстың не екенің біледі;
- Ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Ковалентті байланыстың түзілуін нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіреді;

Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Тыңдалынады. Ортаға тасталған барлық идеялар ескеріп, ең ұтымды нұсқасы таңдалынып тақтаға флипчарт қағазында жазылады немесе тақтаға жазылады. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні ескертіледі және сабақ барысында осы критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады.

Электртерістілік (ЭТ) ұғымын атомдардың басқа атомдардан валенттік электрондарды тарту қабілеттілігі деп түсіндіріңіз.
ҚОСЫМША №1
(W) «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы идеясын ұсыныңыз. Алдымен ковалентті полюссіз, содан кейін полюсті байланыстың ерекшелігін түсіндіріңіз.
ҚОСЫМША №2

(I) (f) Аталған байланыс түріне көптеген заттардың формулаларынан мысалдар келтіріңіз, оған «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құруды
сұраңыз.
ҚОСЫМША №2
Осы кезде оқу мақсаттары бойынша қысқаша бекіту процесі жүреді.
(f) Осы кезде бағалау үдерісі жүреді

Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала оқушылармен бірлесе белгіленген критерийлерді негізге ала отырып сабақты бекіту процесі жүргізіледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 045



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?