Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp,sp2,sp3) және молекулалардың геометриясы 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp, sp2 sp3) және молекулалардың геометриясы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.4 гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсіндіру;
10.1.4.5 заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастыру;
- Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастыру;
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу/ greeting
Сынып бойынша тексеру.
«Миға шабуыл»
«ГИБРИДТЕНУ» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Ассоциация құру. Осы ұғым туралы не білгіңіз келеді? Оқушылар стикерлерге жазып идеялар қоржынына салады.
Мұғалім сабақтың тақырыбы «Гибридтену типтері: sp-, sp2-, sp3»
Лабораториялық жұмыс №1 «Ковалентті байланыспен (N2, O2, алмаз) заттардың үлгілерін жасау »
екендігін айтады.
Оқушылардың назарына сабақтың мақсаты мен сабақтың барысында қол жеткізетін оқыту мақсаттары ұсынылады.
Проблемалық сұрақ қою:
-келесі формуладағы қосылыстар (СO2,BeCl2,H2O,CH4,NH3) қандай химиялық байланыс түріне жатады?
Оқушылар берілген қосылыстардағы байланыс түрін анықтайды.
- коваленттік байланыстың негізгі қасиеттері қандай?
Коваленттік байланыс деген не?Оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылайды.
Кейін оқушылар сабақтың тақырыбна қатысты негізгі анықтамаларды жазады :
Коваленттік байланыстың негізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі,бағытталуы жатады. Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі – қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады.
Коваленттік байланыстың полюстенуі молекулалардың өздерінің және олардағы жеке байланыстардың полюстігінің сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілетімен сипатталады.
Коваленттік байланыстың бағытталуы молекулалардың кеңістіктік құрылымын (пішінін), яғни олардың геометриялық формасын тудырады.
Коваленттік байланыстың бағытталуы орталық атомның валенттік орбитальдарының гибридтенуіне және олардың кеңістікте орналасуына тәуелді.
Орбитальдардың гибридтенуі – әр түрлі электрон бұлттарының араласуы және олардың пішіні мен энергиясы бойынша бірдей болуы. Бұл жағдайда электрон орбитальдарының алғашқы пішіні өзгереді, ассиметриялы және ядроның бір жағына қарай созылыңқы гибридті орбитальдар түзіледі. Гибридтік орбитальдардан түзілген химиялық байланыс бүркесуі көбірек болғандықтан, бастапқы орбитальдардың электрондары қатысында түзілген байланысқа қарағанда берік болады.
Химиялық байланыс кезінде электрон бұлттарының гибридтенуі үш түрлі болады: sp,sp2,sp3
BСl3, CH4, ВеСl2 мысалдары арқылы мұғалім осы молекулалардың түзілуін түсіндіреді.
гибридтенуге қатысатын орбитальдар
гибридтену типтері
молекуланың геометриялық пішіні......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?