Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну;
- қарапайым масс спектрді қолданып салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаны анықтау;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- масс-спектрометрдің бөлім-сызбасын және жұмыс жасау принципін біледі;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципін түсінеді;
Кейбір оқушылар үйренеді:
-үш заттың спектрлері бойынша массаларын дұрыс анықтай алады;

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру.
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.
Масс-спектрометрия туралы түсінік беру.
Масс-спектрометрия — атомдардың, молекулалардың және молекулалық бөлшектердің массасын, сондай-ақ олардың таралымын магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің ауытқуын бақылау арқылы тікелей өлшеуге арналған аналитикалық әдіс.

Масс-спектрометр қалай жұмыс істейді деген сұрақ туындауы мүмкін. Сондықтан видеомультипликация көмегімен масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіру.

Оқушыларға масс-спектрометр құралының суреті ұсынылады. Масс спектрометр құралының жұмыс істеу принципі туралы бейнебаян қарау.Оқушылар масс-спектрометрдің бөліктерін жазып алып отырады.
Бейнебаян қарау:
**Масс спектрометр

Жұптық жұмыс: Оқушылар масс-спектрометрдің схемалық диаграммасын жұбымен бірлесе отырып толтырады, кейін сыныппен талқылайды.
Тапсырма : Масс-спектрометрдің схемалық диаграммасындағы әрбір ұяшықты құрылғының сол бөлігінде болып жатқан процестің сәйкес сипаттамасымен толтырыңыз.

Бейнебаян қарау:
**Изотоптар шыңы
** Изотоптардың табиғатта таралуы және масс-спектрлер
Оқу мақсаты:
- қарапайым масс спектрді қолданып салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаны анықтау;
**Масс – спектрометрде анықталған изотоптар көрсеткіштермен салыстырмалы атомдық массаны есептеу.
**Магнийдің масс-спектрі. Спектрден магнийдің 3 изотопы бар.
Спектрдегі магний изотоптарының пайыздық үлестері:
24Mg - 79%
25Mg - 10%
26Mg - 11%
Салыстырмалы атомдық масса ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 373



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?