Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық  тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдардың белсенділігін салыстыру
Сабақ тақырыбы: Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3: «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен реакциясы» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.4.4 - қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
8.2.4.5 - металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: - металдардың сумен реакцияларын білу;
-металдар белсенділігін қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру реакциясында зерттеу;
-оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Сыныпты ұйымдастыру
Сабақ басында:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттары айтылады. Үй жқмысы тексеріледі.
«Топтық жұмыс»
Мақсаты: Өте белсенді металдардың сумен реакция теңдеулерін еске түсіру.
Тапсырма сипаты: Оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырма парағы беріледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топтық жұмыста оқушылардың бірлесіп жұмыстануын қадағалайды.
Оқушының іс-әрекеті: Берілген тапсырманы топта орындайды. Өткен сабақта барлық тапсырманы дұрыс орындаған оқушы бағалаушы болады.
Кері байланыс: Қателіктер айтылып жөнделінеді.
Бағалау: бірін- бірі бағалау .
Топтық жұмыс
Мақсаты: металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясын зерттеу;
Тапсырма сипаты: Оқушыларды топқа бөліп, оқушыларға бетшелер таратылып, № 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»
Оқушылар жұмысты бастамас бұрын эксперименттің потенциалды қауіптілігін анықтайды.
Оқушыларда қорғаныс көзілдірігі болуы тиіс.
Жұмысқа төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы болжам жазады:
-Барлық металдар реакцияға бірдей жылдамдықта түсе ме?
-Қандай газ бөлінеді?
-Қай металл реакцияға белсенді түседі?
-Қай металл реакцияға нашар түседі?
-Қандай жаңа өнімдер алынады?
Белсенділігі орташа және инертті металдардың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі бойынша тәжірибе жүргізіледі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларға жұмыс парағын таратады. Жұмыс барысымен таныстырады. Тәжірибені қадағалайды.
Кері байланыс. Жұмыс соңында ғылыми терминологияны қолданып, қорытынды жазады.

Сыныппен жұмыс
Мақсаты: Жүргізілген тәжірибеден кейін олардың реакция теңдеулерін жазу.
Тапсырма сипаты: Жасалған жұмыстары бойынша әр топ плакат дайындайды. Оны қорғайды. Бір-бірін бағалайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім оқушылардың плакатқа жазған теңдеулерін тексереді.
Оқушының іс-әрекеті: Жүргізілген тәжірибелердің реакция теңдеулерін плакатқа жазады.
Кері байланыс: Әр топ тақтаға шығып өз плакаттарын қорғайды.
Бағалау дескрипторлары:
• Қышқылдың және түзілген тұздың формуласын дұрыс құрастырады;
• Жасалынған тәжірибелердің химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазады;
• Топ жұмысын қорғауға шыққан оқушы заттардың атауларын дұрыс оқиды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 700



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?