file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.3 – Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
• температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Ауызша сұрақ -жауап.
 Барлық денелер неден құралған?
 Заттың ұсақ бөлшектері қалай аталады?
 Заттың ұсақ бөлшектеріне сипаттама бер
 МКТ негізгі қағидаларын сипатта :
2.Ой қозғау.
Термометрлерді біз не үшін қолданамыз?
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
-температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
-температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
4.Түсіндіру. Сабақты түсідірмес бұрын оқушылар жұпта талқылайды .“Температура деген не? Осы физикалық шамаға қандай анықтама берер едіңдер? Температура жайлы не білесіңдер? Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер?”
Талқылаудан кейін оқушылар әр түрлі ойларын тақтаға жазады.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып температура макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама екенін және температуралық шкалаларды түсіндіреді.
5. Сабақты бекіту. Оқушылар жұптасып эксперименттік тапсырма орындайды.
Бағалау критерийлері:
1. Термометр көрсеткіші дұрыс жазылған.
2. Кесте дұрыс толтырылған
3. Қорытынды жасалған
4. Нәтижелердің сапасын талқылап, тәжірибені жетілдірудің екі жолын ұсынған.
5. Түрлі зертханалардағы шарттардың екі айырмашылығын ұсынған ...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 653



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?