Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

 Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар.  (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Биологиялық нысандардағы нәруыздың мөлшерін анықтау тәсілдерін білу және зерттеу.
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
• түрлі азық – түлік өнімдері құрамындағы нәруыздарды анықтаудың сапалық реакциясын біледі;
• түрлі азық – түлік өнімдері құрамындағы нәруыздардың рөлін түсінеді;
• - түрлі азақ – түлік өнімдері құрамындағы нәруыз мөлшерін анықтап, зерттей алады.

Ұжымдық ортаны қалыптастыру.
1) Оқушылармен амандасу
2) Сабаққа қатысуларын түгендеу
Ой толғау
Мұғалім.
-Осы суреттерді неге біріктіруге болады?
-Азық – түліктер
- Осы азық – түліктердің ішінде нәруызға бай болатындарын тауып көріңдер?
- Бұл азық – түліктерді шығу тегі бойынша жіктеңдер.
- Жануартекті және өсімдіктекті тағамдар.
- Барлық жануартекті тағамдар нәруызға бай болады, ал үрмебұршақ пен асбұршақ басқа өсімдіктермен салыстырғанда нәруызға не себептен бай болады?
- Себебі бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырымен түйнек бактериялары селбесіп тіршілік етеді. Түйнек бактериялары атмосферадағы азотты сіңіреді. Азот нәруыз молекуласының құрамына енеді.
-Түрлі азық – түлік құрамындағы нәруыздарды қалай анықтауға болады?
-Түрлі азық – түлік құрамындағы нәруыздарды анықтау үшін міндетті түрде зертханалық жұмыс орындауымыз қажет.
Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазу).

Ұғыну
Мұғалімнің түсіндіруі
Биурет реакцияcы.
Биурет реакциясы көмегімен нәруыз молекуласындағы пептидті тобының болуын анықтайды. Нәруыз түсуінің өнімдері – полипептидтер сонымен қатар, биуретті реакцияны береді, түзілетін мыс комплексінің түсі аминқышқыл санымен анықталады, олар бір – бірімен пептидті байланыспен анықталады. Дипептидтер көк түс береді, үшпептидтер – күлгін түсті, тетрапептидтер және одан да күрделі пептидтер – қызыл түс береді. Реакция кезінде күлгін түс түзілсе оны спектрофотометр немесе колориметр құрылғысына салып өлшеуге болады.
Төрт валентті комплекстің координациясы, нәруыздардың биурет реакциясының қатысында анықталған
Бұл тестіде мыс сульфатының көк түсті ертіндісі индикатор қызметін атқарады. Нәруыз анықталған жағдайда күлгін түс береді. Биурет тестісі тек суда еритін нәруыздарға қолданылады, ерімейтін заттар үшін емес..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 136



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?