Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.6 түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу тәсілдерін білу және зерттеу.
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Температураның нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу біледі;
• рН-тың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу біледі;
• Әр түрлі жағдайлардың әсерінен нәруыздардың құрылымын өзгеруінің себептерін түсіндіре алады;
Ұжымдық ортаны қалыптастыру.
1) Оқушылармен амандасу
2) Сабаққа қатысуларын түгендеу
Ой толғау
Мұғалім. Тақтаға нәруыздардың төрт реттік құрылымы бар суреттерді презентация арқылы көрсетеді.
-Осы суреттердегі ақуыз молекулаларындағы химиялық байланыс түрлерін атаңдар?
- Пептидті, сутекті, дисульфидті, молекулааралық.
- Осы химиялық байланыстар мен ақуыз молекуласының құрылымы арасындағы байланысты тауып көріңдер?
- Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды.
- Полипептидті тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы деп атайды. Бір орамдығы NH-топтары мен көршілес орамдығы CO-топтары арасындығы түзілетін сутектік байланыс арқылы оралым ұсталынып тұрады. Сутектік байланыстар коваленттік байланыстардан анағұрлым әлсіз. Бірақ бірнеше рет қайталанғанда, олар берік байланысады. Нәруызда оралмалы бөліктерінің бар болуы, оған жылжымалылық, мықтылық, серпімділік қасиет береді.
- Үшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидті байланыстар үлкен үлес қосады. Олар полипептидті тізбектің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, өзіне тән ілмектер құрайлы. Бұл кезде құрамында S атомы бар аминқышқылы – цистеиннің радикалдарының арасында байланыс түзіледі. Бұл әлсіз байланыс, бірақ молекулалардың тағы да бүктеліп шумақталуының нәтижесінде беріктігі арта түседі.
- Құрылысы жағынан жақын бірнеше нәруыздың үшінші реттік құрылымының шумақ түзіп орналасуын нәруыз молекуласының төртінші реттік құрылымы дейді. Төртінші реттік құрылым - бірнеше нәруыз молекулаларының молекулааралық байланыс арқылы байланысқан қосындысы. Осы төотінші реттік құрылыммен жаңа қасиет нәруыз қызметінің реттелуі пайда болады.
- Ақуыз молекуласын құрайтын байланыстар үзілген жағдайда олардың құрылымдық құрылысы өзгереді ме?
- Өзгереді, себебі ақуыз молекуласын құрайтын байланыстардың ұзілуі, оның құрылымдық құрылысын өзгертеді, бұны денатурация деп атайды.
-Түрлі ақуыздарда денатурацияның болғанын қалай анықтауға болады?
- Түрлі ақуыздарда денатурацияның болғанын анықтау үшін зертханалық жұмыс орындауымыз қажет.
Оқушылардың берген жауаптарына сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтайды (тақтаға жазуға немесе презентация арқылы корсетуге болады). Зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қауіптің ықтималдылығына баға берілді...........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?