Санау жүйелері 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

 Санау жүйелері 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратты ұсыну
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.1 ондық санау жүйесіндегі бүтін сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру және керісінше
Сабақтың мақсаты: 10.2.1.1 ондық санау жүйесіндегі бүтін сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру және керісінше.

1. Білімді өзекті қылу.
Слайдта берілген сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтау
Оқушылармен сабақтың мақсаты мен міндеттерін талқылаңыз (міндеттерді бірге анықтау)
Әрбіреулеріңіз екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесі бойынша қаншадасыздар?
Жұптық жұмыс.
Зерттеу жұмысы
• Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауысу алгоритмін зерттеу.
• Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауысу алгоритмін зерттеу.
• Ондық санау жүйесінен сегіздік, он алтылық санау жүйесіне ауысу алгоритмін зерттеу
(ақпаратпен өзара алмасу, әр оқушы басқа жұппен ақпарат алмасады)
(Оқушыларға дайын материалмен интеллектуалды карта жасауға болады)

Өзара бағалау. (оқушылармен табыс критерийлерін анықтау, оқушылар өз нұсқаларын ұсынады)
Табыс критерийлері
• Санау жүйелерінің негізгі ұғымдарын сипаттайды
• Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру алгоритмін түсіндіреді
• Бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру принциптерін меңгеру
• Бүтін сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне және керісінше ауыстыру


Көзге жаттығу

Индивидуалды жұмыс
Сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстырыңыз және кестені толтырыңыз.
(әр оқушыға карточка дайындаса да болады)
Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық
110101
247
261
4АС
Шешімі:
Екілік Сегіздік Ондық Он алтылық
110101 65 53 35
10001111 217 143 8F
100000101 405 261 105
10010101100 2254 1196 4АС

Өзара тексеріс
Оқушылар жұмыс парақшаларымен ауысып бір-бірін тексере алады.

Қосымша тапсырмалар.
1. Сыныпта 11102 қыз және 11002 ұл бала. Сыныпта қанша оқушы бар?
2. 2. 101012 , 11012 сандарының ондық эквивалентін тап?
3. Менің 100 ағам бар. Кішісі 1000 жаста, ал үлкені 1111 жаста. Үлкені 1001 сыныпта оқиды. Осылай болу мүмкін бе?


Сабақты қорытындылау
Сабақтың мақсаты қандай еді?
Біз бұл мақсатқа жеттік пе?.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 051



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?