Графикалық файлдар форматтары 2-сабақ (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

 Графикалық файлдар форматтары 2-сабақ (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратты ұсыну және өлшеу және компьютерлік жады
Сабақ тақырыбы: Графикалық файлдар форматтары 2-сабақ
Оқу мақсаты: Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі форматтарын қолдану
Сабақтың мақсаттары: Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі графикалық форматтарын қолдану.

Қызығушылықты ояту
Сыныппен жұмыс
Сабаққа кіріспе жасау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз:
1) Сен күнделікті тұрмыста графикалық бейнелерді қайдан көріп пайдаланасың?
2) Графикалық бейнелер қандай
форматта сақталады?
Бұл сұрақтар сабаққа кіріспе ретінде берілген. Осы сұрақтарға жауап берген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамийды және жаңа тақырыпты қабылдауға дайын болады.
Қысқаша теориялық материалды ұсыныңыз.
Графикалық файлдарға қолданылатын әрекеттерді талқылайды, мысалы сандық фотоаппараттағы суретті пошта арқылы жіберу немесе ғаламтордағы веб-парағына жүктеу...
Дәптерге файлдар форматтарын жазады.
Практикалық жұмыс ұйымдастырыңыз.
Өзіндік жұмыс
1 тапсырма:
Киіз үйдың бейнесін растрлық графикалық редакторда салып, мәтіндік редакторға тасымалдауды сұраңыз.
Берліген бейнені 3-4 форматтарда жеке бумаға сақтауды талап етіңіз (bmp, jpg, png).
Сақталған файлдардың көлемдерін салыстырып, жұмыс дәптерінде кесте құрғызыңыз.
Дескрипторлар:
1. Графикалық редакторда сурет салынды (түстері, пішіндері сәйкесінше);
2. Мәтіндік редакторда көшірмесін тасымалдап, керекті жерде орналастырылды;
3. Бумаға 3-4 форматта сурет сақталды;
4. Дәптерде әртүрлі форматты файлдардың көлемі көрсетілген кесте құрылды.
Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану және талдау қаблеттерін дамытады, себебі олар компьютерде нешетүрлі бейнелерді жасап, оларды әртүрлі форматтарда компьютерде сақтайды. Келесі қадамда, әртүрлі форматты файлдардың көлемдерін көрсететін кесте құрып, оларды салыстырады.
Өзара бағалау ұйымдастырыңыз.
2 тапсырма:
Киіз үйді мәтіндік редакторда геометриялық пішіндеріді қолдана отырып салуды және соңында топтауды сұраңыз.
Дескрипторлар:
1. Геометриялық суреттер арқылы нысан салынды;
2. Барлық бөлшектері топталанды.
Өзара бағалау ұйымдастырыңыз.
Эксперимент:
Екі суреттіде созып көруді сұраңыз (айырмашылығы бар ма?)
Осы тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың қолдану қаблеттері дамийды, себебі олар компьютерде әртүрлі геометриялық пішіндерді қолдана отырып белгілі бір нысанды құрады және оларды топтайды. Құру барысында мәтіндік редакторлардың көптеген мүмкіндіктерін қарастырады.
Қийыншылықтар туған кезде қолданылатын файлдарды алдын ала дайындап қойыңыз..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 530



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?