Көлеңке қалай пайда болады? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Көлеңке қалай пайда болады? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Көлеңке қалай пайда болады? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Көлеңке жарықтың түзусызықты таралуынан пайда болатынын, оның ерекшелігін түсінеді.

Пысықтау сұрақтары
- Жарық қалай таралады?
- Қандай денелер жарықты өткізеді, қандай денелер жарықты өткізбейді?
Материалдардың қасиеттерін салыстыр.
Суреттегі заттарды атау.
- Олар қандай материалдан жасалған?
Заттарды екі топқа біріктіру
- Оларды қандай белгісі бойын¬ша топтастырдыңдар?
- Суреттің ортасында неліктен Күнді бейнеледі деп ойлайсыңдар?
Көлеңке қалай пайда болады?
Қыштан жасалған құмыра мен шыныдан жасалған банканы (немесе кез келген ыдысты) бақылау. Оларға қолшам сәулесін бағыттау.
- Қайсысы анық көлеңке түсірді?
- Көлеңке түсіретін зат қандай материалдан жасалған?
- Қараңғы бөлмеде көлеңкені байқай аламыз ба?
- Ал бұлыңғыр күні ше?
- Көлеңке пайда болу үшін не керек?
Көлеңке пайда болуы үшін жарық сәулесі қажет.
Зерттеу жұмысы.
Зерттеу жүргізуге нұсқау:
- А4 көлеміндегі екі қатты қағазды бір-бірімен беттестіріп, ұзындығы 5 см, ені шамамен 2 мм болатындай қиық жасау.
- Ермексаздың көмегімен қатты қағаздың біреуін қиығын төмен қаратып, тігінен орнату.
- Қатты қағаздың екіншісін де бірін¬шісінен 20 см қашықтықта, қиықтары бір-біріне қарама-қарсы болатындай етіп орнату.
- Үшінші қатты екіншісінен қағазды орнату 20 см қашықтықта орнату
- Қолшам арқылы бірінші қағаздың қиығынан өтетіндей сәуле түсіру (Қолшамды қатты қағаздан 10-15 см қашықтықта ұстау).
- Қолшам сәулесінің екінші қиық арқылы өтіп үшінші қатты қағазға түсуін бақылау. Нәтижесін жазу.
- Енді екінші қатты қағаздың қиығы бірінші қатты қағаздың қиығына дәл кел-мейтіндей етіп сәл жылжыту.
- Қолшам сәулесін бірінші қағаздың қиығы арқылы бғыттап, үшінші қағаз түсуін бақылау.
- Нәтижесін жазу.
- Екінші қатты қағаздың алғашқы орнына қойып, қолшам жарығын тағы бағыттау (Жарық сәулесін кедергісіз екі қиықтан өтіп, үшінші қағазға түсті).
Қорытынды жасау: Жарық түзу сызық бойымен қозғалады.
Толқын мен сәуленің айырмашылығы неде?
Жайпақ табақ немесе поднос бетімен су ағызуды бақылау.
Қолшам жарығын бағыттау. Салыстыру, талдау.
Оқулықтағы суреттермен жұмыс.
- Өзен қалай ағады? Ал бұлақ ше? Егер судың жолына үлкен тас кездессе, су тоқтап қала ма (қалай ағады?) (су тасты айна¬лып өтеді)
- Екінші су¬ретте күн сәулесі қалай түсті? (Түзу). Неліктен? (Өйткені жарық түзу қозғалады).
- Екі сурет несімен ұқсайды? (Әрқайсысында ағынның қозғалысы бей-неленген.)
- Айырмашылығы неде? (Біріншісінде – су, екіншісінде – жарық)
- Басты айырмашылығы неде? (Су кедергіні айналып өте алады, ал жарық – айна¬лып өте алмайды)........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 638



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?