Электр энергиясы қайдан алынады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)


Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясы қайдан алынады?
Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
Сабақтың мақсаты: Электр энергиясының көздерімен танысады.

Кіріспе тапсырма. Жедел жауап.
Әңгімелесу. Мақсаты: Төменгі сыныптарда өткен материалдарды қайталау.
-Үйде қандай электрмен жұмыс істейтін құрылғылар бар? (Үтік, компьютер және т.б.)
- Олардың жұмыс жасауы үшін не қажет? (Электр тогы.)
- Олар жұмыс істеуі үшін қандай әрекет жасайсың? (Батарея салу немесе тоққа қосу; Үйдің қабырғаларында болатын розеткаларға қосылады).
- Бұл розеткаларға ток қайдан келеді?
- Үйге ток қайдан келеді?
- Адамдар электр энергиясын қалай алады?
- Батареядағы ток қайдан келеді?
Сұрақтарды талқылау.
Оқушылардың болжалды жауабы.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау (Сабақта электр энергиясының көздері, яғни токтың қайдан алынаты туралы білеміз).
Жұмыс істемейтін қоңыраулы сағатты көрсету
- Сағат не себепті жұмыс істемеуі мүмкін? (батареясы жоқ)
- Батареялардың қандай түрлерін білесіңдер? (Саусақтық, шынашақтық.)
- Олар неге бұлай аталған?
- Неге құрылғыларға батарея орнатады? (Ол энергия көзі болып табылады.)
- Барлық электр құрылғылар батареямен жұмыс істей ме?
Мысалы, теледидар энергиямен қалай қамтамасыз етіледі? (Токқа қосылады).
- Электр тогы розеткаға қалай келеді? (Ол электр стансасынан сымдар арқылы үйге келеді).
- Электр стансасы деген не?
- Электр стансаларының қандай түрлері бар?
Қосымша ақпарат көзімен немесе оқулықта берілген материалмен жұмыс.
Электр энергиясын қалай алады?
Топтық жұмыс (төрт топ: химиялық, су энергиясы, күн және жел энергиясы).
- Қандай электр энергиясының көздері бар?
- Таза электр көздерін пайдаланудың маңызы қандай?
- Электр энергиясының қаншалықты пайдасы мен зияны бар?
- Алдағы уақытта елімізде күн батареялары мен жел генераторларын кеңірек қолданудың қандай мүмкіндіктері бар?
Топтардың жұмыстарын тыңдау.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісімен бағалау. Қалауларынша толықтыру.
Зерттеу жұмысы.
Оқушыларды ынталары бойынша саралау, топтарға бөлу. Ынтасы жоғары оқушыларды алғашқы екі топқа, ал қалған оқушыларды басқа екі топқа бөлу.
Әр топқа кішкене шам немесе сымға жалғанған жарықдиодтар (светодиод), лимон, түйреуіш немесе мырыш бұрама шеге тарату. Алғашқы екі топқа онымен қоса, картоп, тұздалған қияр мен алма алады.
Тапсырма: көгөністер мен жемістерді энергия көзі ретінде пайдалану, нәтижесінде шам жану қажет.
Алғашқы екі топқа
1) Қыстырғышты сымдардың біреуіне қыстыру. Жуан инемен лимонның қабығына тіліктер немесе тесіктер жасау.
2) Сым мен қыстырғышты бір-бірінен алысырақ етіп лимонға кіргізу.
3) Оны лимонның мәйегіне жететіндей етіп тығу керек.
4) Тәжірибенің нәтижесін талқылау.
5) Басқа көгөністерді пайдалана отырып, тәжірибені қайталау.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 597



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?