Электр құбылысы (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Электр құбылысы (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр құбылысы
Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.
Сабақтың мақсаты: Электр энергиясы көздерін анықтау, маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсерін білу.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында өлең жолдарын айту.
Қоңырау үні соғылды,
Сабағымыз басталды.
Оқушылар тынышталып,
Қатар-қатар тік тұрды.
«Сөз құра, тез құра» ойыны арқылы өткен сабақтарда танысқан тірек сөздерді қайталау. Мысалы: трлеэлекну- электрлену, трэлек -электр.
«Жанды» электр көзі. Инфографикамен жұмыс.
Тапсырманың мақсаты: Балықтардың кебір түрлерінің электр зарядын бөлетінін түсіндіру.
Оқулықта берілген инфографикамен жұмыс жасай отырып суда тіршілік ететін ағзалардың кейбірінің электр зарядын бөлінетінін талқылау. Жетекші сұрақтар:
-Инфографика арқылы қандай ақпарат алдыңдар?
-Океанариумдегі жануарларда ортақ қасиет ба р ма? Ойыңмен бөліс.
-Жайын туралы не білдік?
-Семсербалық қайда тіршілік етеді?
-Ең күшті электр зарядын шығаратын балықты атаңдар.
-Тұщы су балығы қайсысы?
-Тұтасқанаттар туралы не білдің?
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе? Үлкен электр разрядтарын шығара алатын балықтар бар екенін түсіндіру. Тұтасқанат, жайын мен жыланбалық туралы қызықты ақпаратпен таныстыру.
Күн күркіреуі және найзағай.
Мақсаты: Найзағай туралы мағлұмат бере отырып, оның қиратушы күші бар екенін және одан қорғану жолдарын анықтау. Сұрақтар арқылы найзағай туралы білімдерін кеңейту. Жетекші сұрақтар:
-Күн күркірегенде не болады?
-Бұлттың ішінде электр зарядының болуы мүмкін бе?
-Найзағайдан қалай қорғануға болады?
Оқушылар найзағайдың барлық тіршілік иелері үшін қауіпті екенін түсіну керек.
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Электрленудің пайдасы мен зияны.
Мақсаты: Тапсырманы орындау барысында оқушылар электрдің тұрмыс пен техникада қолданылуын түсінеді.
Тапсырманы жұппен орындауға болады.
Оқулықтағы суреттерді талдау ұсынылады. Әр суретте электрлену қандай жұмыс атқарғанын талдау. «Т-критерийі» әдісі арқылы электрленудің қандай жағдайда пайдалы және қандай жағдайда зиянды екенін анықтау.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Зерттеу жұмысы. Зерттеу жұмысын оқушылар жұптасып жүргізе алады.
Мақсаты: Күрішті пияз қабықтарынан қалай тазалауға болатынын анықтау.
Ресурстарды тарату. Жұп санына қарай жайпақ тәрелкелер, ұсақталған пияз қабықтарымен араластырылан күріш, тарақ, жүн мата немесе мойынорағыш тарату.
Зерттеудің жоспары:
-Күрішті пияз қабықтарынан ажырату жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар электрленудің маңызын түсінеді.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына зерттеу жұмысын тағы қандай заттармен жасауға болатынын анықтауға және үйде зерттеу жұмысын қайталап жасауға ұсыныс беру.
Зерттеу жұмысын қорытындылау: Зерттеу жұмысын орындай отырып, электрленудің маңызы туралы ой қорыту. Басқа топтардың жауаптарын тыңдап, салыстыру.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:
- Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?
- Қандай жаттығуларды білесіңдер?
- Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
54-жұмыс парағы. «Электр құбылысы», 56-б.
Біздің айналамыздағы электр құбылыстары. Тапсырманы орындау барысында найзағай кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері жайлы білімді бекітеді. Оқушылар әріптерден сөздер құрап, шыққан сөйлемдерді жазады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 623



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?