Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жергілікті жердің ауа райы. Қазақстанның климаты
Оқу мақсаттары: 2.2.2.1 Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау.
Сабақ мақсаттары: Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау.

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрып, мұрындарын қолдарымен қысып, өздері тұра алғандарынша тұрады.
-Мұрындарыңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана.
- Біз мұрнымызды қысқанда бізге не жетіспеді? (ауа)
-Ауаның адам өміріндегі маңызы қандай? (ауасыз адам өмір сүре алмайды)
-«Ауа» сөзі тақтада шыққан қай сөзбен байланысқанда дұрыс тіркес болады?
Ағаш, Арал, дыбыс, райы, бау, қатер
-«Ауа райы» деген сөзге ассоциация сөздерді айтып шығайық.
(ыстық, суық, жаңбырлы, қарлы, жел, боран, аяз және т.б.)
Сабақты «Мозайка» әдісімен бастау мақсатында 4 мезгілдің суретін бөліктерге бөліп, әр оқушыға таратып беру. Қағаз бөліктерін бір-біріне жалғау арқылы 4 топ құру.
Әр мезгілге қатысты ауа райын кластер кестесіне жазыңдар.
М: Жаз – ыстық, қапырық, жаңбырлы, желді және т.б.
Күз- салқын, суық, жаңбырлы, тұманды және т.б.
Қыс – қарлы, боранды, аяз, үскірік және т.б.
Көктем – жылы, жаңбырлы, желді, ыстық және т.б.
«Ауа райы» сөздігін жасау үшін қандай сөздер пайдалануға болады? Тізімін жазыңдар.
Мақсаты: оқушылар өздігінен анықтама құру дағдылары дамиды.
/оқушылар өздік жұмыс ретінде жазып, жұппен толықтырады, ортақ сөздік шығарылып, ауа-райының анықтамасы оқылады, жауаптарымен салыстырылады, өз жауаптарымен салыстырылады /.
Термометр, флюгер құралдарымен таныстыру.
Ауа райын анықтау.
Мақсаты: оқушының байқампаздық, бақылағыштық қабілеттерін дамыту. Зерттеуді күнделікті өмірмен байланыстыру.
Тапсырма:Жегілікті жердің ауа –райын анықта.
1. Термометрмен таныстыру, жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
2. Желді бақылау құралдарын таныстыру.
3. Бүгінгі ауа райының адамдарға және шаруашылыққа әсерін анықтау, өз ойларымен бөліседі.
Тірек сөздер: ыстық, қоңыржай, қоңыр салқын немесе өте салқын, бұлыңғыр, ашық, бұлтты, тұманды немесе ашық, шаруашылыққа әсері, менің ойымша, себебі.
/оқушы жауабы тыңдалып, тиімді ұсыныстар айтқан оқушылар ерекше мадақталып өтіледі/.
Суретпен жұмыс.
Мақсаты: Жергілікті жердің ауа-райының өзгерісінен туындаған мәселелерді ортаға сала отырып, азаматтық жауапкершілігін арттыру, проблеманың шығу жолын анықтай білуге дағдылану.
1. Талдықорған қаласының ауа-райының адамдар мен және шаруашылық үшін тигізер оң әсері.
2. Талдықорған қаласының ауа-райының адамдар мен шаруашылыққа кері әсерін анықтау.
3. Талдықорған қаласының ауа-райының адамдар мен шаруашылыққа тигізер кері әсерін шешу жолдары.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 759



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?