Жайлау әуендері (Музыка, 2 сынып, IV тоқсан)
Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Жайлау әуендері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.1.1 түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып жатқа ойнап ән айту
2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету
2.4.1.1 өз жұмысын жақсарту мақсатында пікір айту және ұсыныстар енгізу
Сабақ мақсаттары:
• домбырауда орындаудың шертпе стилімен танысады;
• табиғат суреттемесін музыка арқылы қомпозитордың қалай жеткізгенін түсінеді;
• жайлау музыкасын музыкалық шулы аспаптар арқылы шығарады.
Музыкалық сәлемдесу.
Балалар сыныпқа кірген уақытта домбыра дыбысы ойналып тұрады.
Балаларға презентацияда жайлау суреті көрсетіледі.
Оқушылармен әңгімелесу
- Балалар бұл суретте не бейнеленген?
- Егер сен жайлауға барсаң қандай дыбыстарды естисің?
Музыка тыңдау және талдау
Тәттімбет «Сарыжайлау»
- Күйдің музыкасында қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
- Күйдің сипаты қандай?
- Күйдің екпіні мен ырғағы қандай?
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Күйді екінші рет тыңдаған уақытта оқушыларға жайлауды бейнелеу тапсырмасы беріледі
Күйді домбырашының орындауында бейнематериал көрсету.
Орындаушы мен композитор жайлы айтып өту
Тәттімбет- (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?