Теңсіздіктер жүйелерін шешу 3-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 3-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 3-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу
Сабақ мақсаттары: • Қосымша шарты бар, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
• Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешу, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
• Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады және алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Жаттығу. Жұптық жұмыс.
Мұғалім оқушыларға сәйкестікті орнатуға арналған тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін оқушылар белгілі қазақ-математигі, академиктің аты-жөнін кілт сөз ретінде табады.

Кілт сөз - Жәутіков.

Дұрыс жауап алынғаннан кейін мұғалім оқушыларға академик О.А. Жәутіков жайлы қысқаша ақпарат ұсынады.
3. Теңсіздіктер жүйесін құруға арналған мәтіндік есептерді шешу.
Оқушылар жұпта теңсіздіктерді құруға және оларды шешуге тапсырмаларды орындайды. Мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талданады.
Тапсырма 1. Суретте спорт алаңының сұлбасы бейнеленген.
Егер алаңның ауданы 1 м2 артық, ал периметрі 20 м артық емес екені белгілі болса, онда алаңның ең үлкен өлшемдерін табыңыз.


Тапсырма 2. Марат пен Анель үшбұрыш туралы бір есепті шешті:
«Үшбұрыш берілген. у айнымалысының қандай мәнінде қабырғалардың квадраттарының қосындысы 21 кв. дм кем болады?»

Марат айтуы бойынша, есептің жауабы:
«y∈(0;1 1/3)».
Анель бұл жауаппен келіспейді. Оның жауабы: «у ешқандай мәнінде де емес, өйткені мұндай үшбұрыш болуы мүмкін емес».
Кімдікі дұрыс? Кім қателеседі?
Бағалау критерийлері:
Оқушы
Есептің шарты бойынша квадрат теңсіздікті құрады;
Есептің шарты бойынша сызықтық теңсіздікті құрады;
Екі теңсіздіктен тұратын жүйе құрады;
Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
Есептің шарты бойынша жауапты жазады;
Алынған жауапты талдайды, қорытынды жасайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 312



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?