Теңсіздіктер жүйелерін шешу 5-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 5-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 5-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• квадрат теңсіздіктерді шешеді;
• Теңсіздіктер жүйесінің шешімін табады.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім оқушыларға біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктерді шешу алгоритмін қайталайды. Сонымен қатар, оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
- Теңсіздіктер жүйесін шешу кезінде әр теңсіздіктің жауаптарын біріктіре ме, әлде қиылыстыра ма?
- Егер екі теңсіздіктің біреуінің шешімі жоқ болса (құр жиын болса), онда теңсіздіктер жүйесінің шешімі бола ма?
- Егер екі теңсіздіктің біреуінің шешімі кез келген сан болса (барлық нақты сандар жиыны), онда теңсіздіктер жүйесінің шешімі не болады?

Теңсіздіктер жүйесі ұғымын енгізу.
Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесі ұғымын түсіндіреді.

Теңсіздіктер жүйесі:
• Егер екі немесе одан да көп бірнеше теңсіздіктің ортақ шешімін табу керек болса, онда теңсіздіктер жүйесін шешу керек болғаны. Ал мұндағы берілген теңсіздіктер теңсіздіктер жүйесін құрайды.
• Құрамындағы әрбір теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып табылады.
Яғни, теңсіздіктер жүйесінің шешімі оның құрамындағы теңсіздіктердің шешімдерінің қиылысуы болып табылады.
• Теңсіздіктер жүйесі фигуралы жақшаның көмегімен жазылады.
• Теңсіздіктер жүйесінің шешімін табу үшін:
1) әрбір теңсіздікті бөлек шешу керек;
2) табылған шешімдердің қиылысуын табу керек.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 360



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?