Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі 3-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі 3-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

[quote] Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Физиканың ең негізгі қағидаларының бірі ЭМИ заңының тұжырымдамасын игеру;
Индукциялық токты және магнит өрісіндегі қозғалыстағы өткізгіштегі ЭҚК анықтау жолдарын үйрету;
ЭМИ өмірдегі құбылыстармен байланыстыру.
Миға шабуыл
Проблемалық сұрақ арқылы сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру
Неге поляр шұғыласы тек поляр шеңберлерінде ғана болады?
Өткен тақырыпты талқылау арқылы оқушыларды әңгімеге тарту
Қозғалған зарядтарға
Магнит өрісінің әсері,
Жылдамдығын өзгертеді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі
Табиғатта ешқашан бір жақты құбылыстар мен процестер болмайтынын, біз бірнеше рет байқадық. Егер электр тогы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та болуы керек. Сондықтан: “Магнит өрісі электр тогын тудыра ала ма?” – деген орынды сұрақ туады? Токтардың магниттік әсерлесуі, электр тогының магнит өрісін тудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес – магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді. Осы құбылысты 1831 жылы Майкл Фарадей алғашқы болып ашты. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады (“индукция” – латын тілінде, “бағыттау” дегенді білдіреді). Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды.
Оқушылар жұптасып шағын зерттеу жұмысын жүргізеді (Фарадей тәжірибесі):

Неге тізбекте индукциялық ток пайда болады?
Пайда болған ток қалай аталады?
Токтың бағытын қалай анықтауға болады?
Неге тек магнит қозғалыстағы кезде ток пайда болады?
Мұғалімнің көмегі арқылы оқушылар мынадай қорытындыға келеді:
Тұйық контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгерген кезде осы контурда электр тогы пайда болады.
Мұғалім электромагниттік индукция заңын түсіндіреді
Бұл құбылысты электромагниттік индукция құбылысы деп атайды.
Катушкада (тұйық контурда) пайда болған токты индукциялық ток деп атайды.
ε=-N ∆Ф/∆t
Тұйық контурдағы электромагниттік индукцияның ЭҚК сан жағынан магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тең, бағыты қарама қарсы.
Ленц ережесі индукциялық токтың бағытын анықтайды
Индукциялық токтың бағытын анықтау үшін:
Сыртқы өрістің магнит индукциясының бағытын (В0) анықтау (N нан шығып S ке кіреді).
Контурды тесіп өтетін магнит ағыны арта ма, кеми ма анықтау (егер магнит контурға кірсе ∆Ф>0, шықса ∆Ф

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 873



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?