Ампер күші жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Ампер күші жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Электр және магнетизм – электр тогы
Сабақ тақырыбы: Ампер күші жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.5.1 – электромагниттік құралдарының жұмыс істеу приниципін талдау (электромагниттік реле, генератор, трансформатор)
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар/ Students :
- электромагниттік реленің жұмыс істеу принципін оқып-үйрену;
- магнит ағынының физикалық мағынасын түсіндіру және оның формуласын есептер шығаруда қолдану;
- соленоидтың магнит ағыны қосындысының физикалық мағынасын түсіндіру
- магнит ағынының тығыздығын (магнит индукциясын) анықтау;
- электромагниттік индукциясы құбылысына жасалынған экспериментін сараптай отыры, магнит ағынының өзгеруіне байланысты электр қозғаушы күшінің пайда болуын түсіндіру;
- электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын түсіндіру және мысалдар келтіру;

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың бастапқы 10 минутында зертханалық жұмыс орындайтындығын хабарлайды: «Электрмагниттік реленің жұмыс істеу принципін зерттеу».
Электромагниттік реленің қолданылуы мен оның неігзгі бөліктерін қайталау.
Оқушылар зертханалық жұмыс нұсқауымен танысып, мұғаліммен жұмысты орындау талаптарын талдайды.
І. Жұппен жұмыс (20 мин)
Мақсаты: электромагниттік реленің жұмыс істеу принципін оқып-үйрену.
Құрал-жабдықтар: электрмагнит, ток көзі, шам, кілт, электр қоңырауы, батарея.
Жұмыстың барысы
Тапсырма 1 . Шамы бар тізбектегі электромагниттің жұмысын оқып-үйрену.
1. Суретте құрылғының жиналуы көрсетілген (сурет тек мұғалім үшін)
2. Осы жағдайда қанша тәуелсіз тізбектер бар екенін және осы тізбектерді сипаттап жазыңдар.
3. Ол электр тізбегінің сызбасын сызып көрсетіңдер.
4. Реле тұйықтағанда шамнан ток өтетін бөлікті дөңгелетіп сызып көрсетіңдер.
5. Электромагнит тізбегіндегі кілтті қосыңдар да, манағы белгіленген бөлікте не болатынын бақылаңдар.
6. Электромагнит реленің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.

Тапсырма 2. Тізбектегі қоңырауы бар электромагниттің атқаратын жұмысын оқып-үйрену.

1. Электроманитті реленің металл пластинасының жанына қоңырауды орналастырыңдар.
2. Электромагнит тізбегін ток көзінің төменгі сол жағында орналасқан кернеуі 6 В болатын айнымалы тоқтың клеммаларына жалғаңдар.
3. Электромагнит тізбегіндегі кілтті қосып, металл пластина мен қоңыраудың дыбыстық чашкасы арасындағы кеңістікте не болатынын бақылаңдар.
4. Пластина неге периодты түрде неге ашылып жабылатынын ойланып жауабын айтыңдар.
Орындалған жұмысқа жалпы қорытынды жасаңдар және электромагниттік релені тағы қайда қолдануға болатынын жазыңдар.
Мұғалім оқушылар жұмыстарын жинайды және магнит өрісімен байланысты құбылыстарды зерттеуді жалғастыратындықтарын айтады. Өтіп жатқан процестерді түсіну үшін тағы да екі физикалық шамамен танысу қажет, олардың біреуі бізге таныс және біз оны басқа қырынан зерттейтін боламыз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 905



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?