№ 1 зертханалық жұмыс «Шынының сыну көрсеткішін анықтау» 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

 № 1 зертханалық жұмыс «Шынының сыну көрсеткішін анықтау» 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: № 1 зертханалық жұмыс «Шынының сыну көрсеткішін анықтау» 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.9–экспериментте шынының сыну көрсеткішін анықтау;
8.5.1.10– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолдану дағдыларын дамыту;
• жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтаудағдыларын дамыту;
• сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалай білуі тиіс.
• физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
Қайталау сұрақтары:
Ауызша есептер:
1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең?
2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең?
3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус?
4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең?
5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастан өткенде бағытын көбірек өзгерте ме, әлде шыныдан өткенде ме?

2. Ой қозғау. Неліктен қасық ауа су шекарасында сынғандай көрінеді?Презентация арқылы сыну заңы, шағылу заңы, сыну көрсеткіші тақырыптары бойынша алған білімдерін қайталау.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолдану дағдыларын дамыту; жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау дағдыларын дамыту; сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалай білуі тиіс.
4.Есептер шығару (Есептің берілгенін интербелсенді тақтаға жазып қою.)
1-ші топ
1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең.
2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 796



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?