Қазақстанның силикат өнеркәсібі (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 Қазақстанның силикат өнеркәсібі (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстар және құймалар өндірісі
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның силикат өнеркәсібі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.11 шыны және цемент өндіру процесі мен олардың қолданылуын сипаттайды.

Оқушылармен амандасу. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.
Білім алушылар 3-4 адамнан топтарға бірігеді. Мұғалім оқушыларды шыны және цемент өндіру бойынша теориялық материалмен танысуға шақырады. Білім алушылар ұсынылған материалдарды оқып, «BilimLand» білім беру платформасының материалдарын пайдаланады:
Мұғалім талқылауды ұйымдастырады. Оқушылар топ болып әр түрлі шыны және цемент түрлерін сипаттайды. Талқылау барысында студенттер шыны және цемент түрлері бойынша кестені толтырады.
Оқушылар топтарда зерттелген тақырып бойынша үш сұрақ құрастырады (жазбаша түрде). Құрастырылған сұрақтарға басқа топтың оқушылары жауап береді.
Цемент өндірісі
Шикізат: әктас (CaCO3),
саз (Al2O32SiO22H2O).
Өңдеу химиясы (күйдіру):
Al2O32SiO22H2O=Al2O32SiO2 + 2H2O
СаСО3 = CaО + CO2
СаО + Al2O32SiO2 = CaОAl2O32SiO2
Технология: түтік пештерінде күйдіру.
Шыны түрлері
Терезе, бөтелке:
Na2O  СaO  6SiO2
Түсті Na2O  СaO  6SiO2 + қоспалар:
Cr2O3 – изумруд-жасыл түсті
Fe2O3 – жасыл түсті
CoO – көк түсті
MnO2 – күлгін түсті
Химиялық К2O  СaO  6SiO2
Кварцты SiO2
Хрусталь К2O  PbO  6SiO2
Шыны өндірісі
Құрамы: Na2O  СaO  6SiO2
Шикізат: кальций қосылған сода (Na2CO3),
кварц (SiO2),
әктас (CaCO3).
Өңдеу химиясы:
CaCO3 + SiO2 = CaSiO3 + CO2
Na2CO3 + SiO2 = Na2SiO3 + CO2
CaSiO3 + Na2SiO3 + 4SiO2 = Na2OСaO6SiO2
Силикат өнеркәсібінің кері әсері:
- SiO2 бар ең кішкентай шаңмен дем алу қауіпті кәсіптік ауру, силикозға алып келеді.
- Процесстер жоғары температурада жүреді.
- Ыдырау өнімдерінің және шаңдардың атмосфераға кері әсері.
Өзін-өзі бағалау. Мұғалім сұрақтарды құрастыру процесін қадағалайды, құрастыру кезінде де, жауап беруде де көмек көрсетеді. Сұрақтардың мазмұны мен стилі тақырыпқа сәйкес келуі керек.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 602



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?