Сабын және синтетикалық жуғыш заттар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Сабын және синтетикалық жуғыш заттар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;
• Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
- сабынның формуласы мен оның түзілу теңдеуін білу;
- синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну;
Көпшілік оқушылар:
- сабынның ортасын анықтап оны түсіндіре алады;
- - синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
Кейбір оқушылар:
- түрлі майлардың сабындану реакция теңдеулерін құрастыра білу.

Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныппен амандасу, сыныпты түгелдеу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.

Активити. Берілген суретке қарап сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Миға шабуыл.
• Майларды неліктен күрделі эфирлерге жатқызады?
• Майлар табиғатына қарай қалай жіктеледі? Неге?
• Қаныққан, қанықпаған карбон қышқылдарына мысал келтіріңіздер.
• Майлардың қолданыс аясын сипаттаңыздар.
• Сабынның негізгі құрам бөлігі не болып табылады?
Сабақ тақырыбы, сабақтың оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары таныстырылады. (Слайд 1)
Тапсырма. Жұптық жұмыс
Бағалау түрі.Бірін-бірі бағалау.
Нұсқаулық картасы
1. Майдан сабын алу теңдеуін жазыңыз.
2. Сабынның біркелкі мөлшерін дистилденген суы, өзен суы, құбыр суы бар сынауыққа салыңыз.
3. Үш сынауықты да біркелкі шайқаңыз.
4. Әр сынауықтағы сабын көбігінің биіктігін өлшеңіз. Қорытынды жасаңыз.
5. Өз қорытындыңыздың дәлелі ретінде реакция теңдеуін жазыңыз.
6. Сабын ерітіндісінің ортасын анықтап, индикаторлармен тексеріңіз кестені толтырыңыз:
Индикатор Түсінің өзгеруі
Лакмус
Метилоранж
Фенолфталеин
Әмбебап индикатор

7. Синтетикалық жуғыш заттардың пайдасы мен зияны туралы хабарлама жасаңыз.
Бағалау критерийлері:
• Сабынның формуласын біледі;
• Сабынның ортасын анықтайды;
• Стеарин қышқылының триглицератының сабындану теңдеуін құра алады;
• Сабынның кермек судағы реакциясын түсіндіре алады және оны реакция теңдеуімен дәлелдейді;
• Синтетикалық жуғыш заттардың құрамын біледі; .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 834



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?