file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Алкандар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Алкандар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: Алкандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - Алкандардың химиялық қасиетін оның құрылысына сүйене отырып үйрену
- Еріткіштер алу үшін алкандардың хлорлану реакциясын және бұл еріткіштердің қауіпті дәрежесін білу

Оқушылармен амандасу, сабаққа әзірлігін тексеру
Осыған дейін алған білімдеріне шолу.
Көміртегі қандай валенттілік көрсетеді?
Көміртегінің төрт валентті көрсетуін қалай түсіндіруге болады?
Метан молекуласы кеңістіктегі пішіні қалай орналасқан?


Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлағаннан кейін:
Заттардың химиялық қасиеті неге байланысты?
Алкандар қандай құрамға ие?
Осы көмірсутектер қандай құрылысқа ие?
Алкандардың құрамы және құрылысы өте карапайым екенін көріп отырмыз. Мүмкін химиялық қасиеттері де қиын болмау керек, мәселен көмірсутектер жанғанда қандай заттар түзіледі, еске түсірейік.

Топтық жұмыс
- Компьютердің жұмыс үстелінде «Алкандардың химиялық қасиеттері» тақырыбында презентация бар және оқулық;
- «Сіздерге тапсырма: оқулық пен презентация материалдарымен мұқият танысып, класқа өздерің ұсынған реакциямен түсіндіру, егер сендер ұсынған реакция басқаларға түсініксіз болса, жауап бере алуға дайын болуларың керек. Ақпараттардың өз қағаздарыңызға белгілеп отырыңыздар»;
- жұмысты орындау уақыты 15 минут.
Уақыт өткеннен кейін кезекпен топтарды өз материалдарын таныстыруға шақырылады.

Жеке жұмыс
1 тапсырма

1. Алынған білімдеріңді қолдана отырып химиялық қасиеттердің генетикалық тізбегін құрыңыз.
2. Галоген орын басқан алкандардың қайсысын анестезиялық орта ретінде қолданылады? (анықтамалық әдебиетті қолдана отырып жауап беріңіз)

2 тапсырма
Алкандарың химиялық қасиеттері
Бастапқы заттарды өнім мен реакция атауына сәйкестендіріңіз.

Бастапқы зат Өнім Рекция атауы
1) С4Н10 + 6,5О2 à а) С4Н10 + С4Н8 А) орынбасу
2) С6Н14à б) С6Н12+Н2 Б) жану
3) С8Н18à в) 4СО2+5Н2О В) крекинг
4) 2СН4+О2à г) С2Н5Сl+НСl Г) тотығу
5) С2Н6+Сl2à д) СН3ОН Д) дегидрлену......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 712



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?