Презентацияға арналған ақпарат 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

 Презентацияға арналған ақпарат 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Презентацияны безендіру
Сабақ тақырыбы: Презентацияға арналған ақпарат 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 компьютерлік программада файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентация жасау;
3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан;
3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану;
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану .
Сабақ мақсаттары: Белгілі бір тақырыптағы суреттерді пайдаланады

1. Білімнің өзектілігі.
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / оқу мақсаттарын анықтау.
Бүгін ерекше сабақ: біз өзімізді сыныпта емес, презентацияға арналған түрлі кітаптарды дайындайтын баспаханадамыз деп елестетіп көрейік. Осы кітаптардың суретшілерінің рөлінде боламыз. Біздің адал досымыз және көмекшіміз компьютер сондай-ақ информатика туралы білімдеріміз бізге көмектеседі. Сіз MS Word программасы арқылы бетті безендіру және бояулы жазулар жасайтын әрекеттерді қалай орындау керектігін білесіз және бүгін біздің мақсатымыз - презентацияға сурет салу әдістерін үйрену.
Біздің сабақтың тақырыбы «Презентацияға суреттер қою». Жаңа материалды зерделеуге кіріспей тұрып, бетті жобалау үшін қажет негізгі қадамдарды есте түсірейік:
1. Презентация безендіру үшін нені білу керекпіз? (Беттің параметрлерін, фонын орнатып, жақтауды жасауыңыз керек.)
2. Слайдтағы фонды қалай өзгертеміз?
4. Ал слайдқа жақтауды қалай қоямыз?
5. Презентацияны қарау үшін және түрлі әріптер жасау үшін қандай түймелер қолданылады?
Сонымен, біз презентацияны қалай жасау керектігін және безендіру жолдарын қайталап шықтық.
Ал, енді, презентацияға суретті қалай қоятынын білейік.

2. Жаңа материалды зерттеу.
Сызбалармен жұмыс істеу кезінде оқушыларға функцияларды көрсету (мәтіндегі позиция, қию). Суретті қою үшін келесі тізбектелген әрекеттерді (алгоритм) орындау қажет:
интерактивті тақтаны немесе презентацияны пайдалану арқылы көрсетіледі.
1. Қою -> Сурет-> файлдан.
2. Пайда болған терезеден қойылатын сурет сақталған буманы таңдау.
3. Қажет суретті таңдап, үстің шертіп, Қою түймесін басу.
Суреттермен жұмыс істегенде, кейде оларды жылжытуға, айналдыруға және өзгертуге тура келеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 956



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?