Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.
БЫМ/С Оқушыларға ортағасырлық тарихи тұлғалардың портреттерін көрсетіп, Бұл адамдарды ортақ не байланыстырады?,-деген сұрақ төңірегінде ой бөлісуге шақыру. Осы ой-бөлісудің негізінде сабақ тақырыбына болжам жасату. Суреттерді көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсатын және бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

С. Бүкілсынып оқушыларын ғалымдар атауларына қарай бірнеше топтарға бөлу.
1 -топ Ұлықбек
2-топ Әлішер Науаи
3-топ Бабыр
Т. Оқушылар ортағасырлық ғалымдар туралы мәтінді жеке оқып, топта сұрақтар төңірегінде талдау жасайды.
1-топ.Неліктен Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне ықпал етті?
Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығы неде?
2-топ. Бабыр өзінің танымал еңбегі «Бабырнама» арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосты? «Бабырнама» еңбегінің қазақ халқы үшін маңыздылығы неде?
3-топ. Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келді?
Әлішер Науаи еңбектерінің бүгінгі күнгі маңыздылығы қандай? Әр топ сұрақтар бойынша зерттеген жұмыстарын сынып алдында жариялайды.
Ж. Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастырып, тақырыпты толық меңгеру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады.
Дескрипторлар:
• Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне қалай ықпал еткенін анықтайды;
• Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығын анықтайды;
• «Бабырнама» еңбегі арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосқанын анқтайды;
• Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келгенін анықтайды;
• Бабыр, Әлішер Науаи еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын анықтайды;
• Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 914



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?