Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим дәуірлер тоғысында
Сабақ тақырыбы: Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру
5.2.1.1 негізгі діни ұғымдарды (Құдай, ғибадатхана, қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру
5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Император Константин кезінде ежелгі римдегі әлеуметтік құрылымына, және жалпы қоғамдағы өзгерістерді анықтау
Ұлы Константин император христиан дінін қабылдаған кезде христиандардың жағдайы қалай өзгергенның анықтау
Христиан діні Рим империясын қалай өзгерткенның білу.
Миға шабуыл. Рим императорлар тарихында немен атақты болды!!! (соғыспен, бейбитшілікпен, оратор, атақты ғалым философ, әлсіздерды қорғады)
Оқушыларға бір жағында Ұлы Константин заманындағы Рим империясының картасы, екінші жағында Константиннің өзі бейнеленген пазлдарды жинау ұсынылады. Бұл суреттерде ортақ не бар леген сұраққа жауап беруі тиіс.
Әр топқа А4 форматты параққа салынған рим театрының стилінде Константин бетпердесін жасау үшін Константиннің бет бейнесінің суретін және бір таяқша (немесе орама қағаз беріңіз).
немесе
Бетперде ойынына арналған жабдық
Мүсіннен немесе басқа да дереккөздерден оқушыларға арналған Константин бетінің суретін интернеттен алуға болады.
Рим стиліндегі бетпердені бір қолда ұстау үшін оны бекітетін таяқша немесе қағаздан шиыршықтап жасалған ұстағыш
Оқушылар бетперде жасауды бастамас бұрын олар бетперденің екінші жағында Ұлы Константиннің өмірінің негізгі ерекшеліктері мен жетістіктерін қысқаша мазмұндап жазуы тиіс. Бұл үшін оларға Ұлы Константиннің өмірі мен жетістіктері туралы ақпаратты қамтитын мәтінді ұсыныңыз. олардың бетпердені таяқшаға немесе ұстағышқа бекіту үшін жеткілікті орын қалдырғанына көз жеткізіңіз.
Карталарды салыстырыңыз. Екі айырмашылығын анықтаңыз. Мемлекет шекарасының өзгеру себептерін болжаңыз. Карталарды тарату (қосымша материал)
Тапсырманы бағалау критерийлері:
1. Оқушылар мемлекет шекарасының өзгеруіне кемінде 2 себеп келтіреді.
Оқушылар христиан діні Рим империясын қалай өзгертті деген басты сұраққа жауап беру үшін жұптарда жұмыс істейді.
1-топ – көпқұдайшылдарға деген қарым-қатынас қалай өзгерді?
2-топ – шіркеудің жағдайы қалай өзгерді?
3-топ – Константин ( немесе діннен безген Юлиан) басқарғаннан кейін христан дінінің жағдайы қалай өзгерді?
Сыныпқа топ ішіндегі жұмыстың қорытындысын талқылап, «Неліктен Константиннің есімі оның өлімінен кейін ұзақ уақыт есте сақталды? Христиан діні Рим империясын қалай өзгертті?» деген сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.
Сабақ соңында оқушылар Ұлы Константин басқарған уақыттағы. Рим империясындағы өзгерістерді анықтайды (Мұғалімнің қалауы бойынша жазбаша, ауызша, дәптерге синквейн тапсырмасын орындатуға болады)
Дескриптор
Рим империясының қоныс аудару және жаңа астанасың құрылуын 3 күшті жағын анықтайды
Константин императордың кезінде рим қоғамындағы өзгерістерге кемінде 3 аргумент келтірді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 977



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?